Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Ғылым-БілімЖаңалықтар

Абай ұлттық мектебі тарихындағы жаңа кезең басталды

Мемлекет және қоғам дамуында айшықты рөлі бар Абай ұлттық мектебі дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Білімнің қасиетті қарашаңырағы Алматы қаласындағы әсем, заманауи жаңа ғимаратқа көшірілді. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жүйелі әрі нәтижелі саясатының, «Әділетті Қазақстан», «Заң және тәртіп» қағидаттарының нақты іске асып жатқанының айқын дәлелі. Жаңа мектеп ғимараты инфрақұрылымдық жаңарумен бірге, болашақ ұрпаққа жасалған инвестиция, сапалы білім мен тең мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды қадам.

Жаңа ғимараттың жобалық қуаты 900 оқушыға арналған. Абай ұлттық мектебіне оқушылар 7-сыныптан бастап оқуға қабылданады. Бүгінде жаңа ғимараттың жанында оқушыларға арналған жатақхана салынып жатыр. Бұл жағдай алыс ауылдардан келген талапкерлерге білім алуға қолайлы жағдай жасайды. Сондай-ақ, мектепте ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына, мектеп тарихына арналған Абай мұражайы құрылуда. Мұражай – Абайдың рухани мұрасын зерттеуге, оны насихаттауға және жас ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік береді.

«Бұл құрылыс – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елдік мүддеге бағытталған, жүйелі және тиімді саясатының айқын көрінісі. Мемлекет басшысының білім беру саласына деген қамқорлығының арқасында біз бүгін ұлттық мектебіміздің жаңа белесіне куә болып отырмыз. Мектептің педагогикалық ұжымы озық тәжірибелерді жинақтауда, таратуда, білім беру сапасын жақсартуда маңызды рөл атқарады», – деді ұжыммен кездескен сала министрі Жұлдыз Сүлейменова.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысына армияның жауынгерлік дайындығының жай-күйі мен әскерлерді даярлаудың жаңа тәсілдері жөнінде баяндалды

admin_altyalash

Тарихи жолайрықта саналы бағыт таңдалды – Мәулен Әшімбаев

admin_altyalash

Жайықтың деңгейі 9,5 метрге дейін көтерілуі мүмкін – ТЖМ

admin_altyalash