Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Париж Олимпиадасында Қазақстан Туын кімдер ұстайды?

фото: news.myseldon.com

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Париж Олимпиадасында Қазақстан Туын спортшылардан кімдер ұстауы мүмкін екенін айтты,

Үміткерлер бар. Біріншіден, бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Асланбек Шымбергенов (71 келі). Екіншіден, қыз спортшы бар. Бірақ оның аты әзірше белгісіз. Енді лицензиялық турнирлер бітеді, содан кейін оның атын айтамыз, – деді Ермек Маржықпаев Үкіметтің баспасөз орталығында.

Осы орайда министр «Жеңіл атлет Надежда Дубовицкая Қазақстан Туын ұстауы мүмкін бе?» деген сұраққа да жауап бере кетті.

«Қазір (Надежда Дубовицкаяда) лицензия жоқ. Егер спортшыда лицензия болса, бұл мәселені қарастырамыз. Бірақ бір қыздың болатыны анық», – деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы тағайындалды

admin_altyalash

Олжас Бектенов жаңа Конституция жобасын талқылау аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша кеңес өткізді

admin_altyalash

1 шілдеден бастап газдың көтерме саудадағы шекті бағасы өседі

admin_altyalash