Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиСпорт

Париж Олимпиадасында Қазақстан Туын кімдер ұстайды?

фото: news.myseldon.com

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Париж Олимпиадасында Қазақстан Туын спортшылардан кімдер ұстауы мүмкін екенін айтты,

Үміткерлер бар. Біріншіден, бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Асланбек Шымбергенов (71 келі). Екіншіден, қыз спортшы бар. Бірақ оның аты әзірше белгісіз. Енді лицензиялық турнирлер бітеді, содан кейін оның атын айтамыз, — деді Ермек Маржықпаев Үкіметтің баспасөз орталығында.

Осы орайда министр «Жеңіл атлет Надежда Дубовицкая Қазақстан Туын ұстауы мүмкін бе?» деген сұраққа да жауап бере кетті.

«Қазір (Надежда Дубовицкаяда) лицензия жоқ. Егер спортшыда лицензия болса, бұл мәселені қарастырамыз. Бірақ бір қыздың болатыны анық», — деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

В области Жетісу привели в порядок дорогу, которую не ремонтировали почти 30 лет

admin_altyalash

Экспорт зерна и муки из Казахстана в зерновом эквиваленте достиг 8,9 млн тонн

admin_altyalash

Наурыз в Астане: ИИ, цифровые юрты и миллионные охваты

admin_altyalash