Мәжіліс мемлекеттік сатып алу туралы заңды қабылдады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Шілде 13, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мәжіліс мемлекеттік сатып алу туралы заңды қабылдады

15.05.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: freepik.com

 – Мәжіліс «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын екінші оқылымда қабылдады.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Президенттің 2022 жылғы 26 қарашадағы Жарлығымен бекітілген.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 43-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.

Заң жобасы сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін оңайлатуға және одан әрі автоматтандыруға, сатып алудың бірыңғай платформасын құруға бағытталған.

Заң жобасында мыналар көзделеді:

«мемлекеттік сатып алудың қоғамдық мониторингі» ұғымын енгізу және ол бойынша нормаларды регламенттеу;

әлеуметтік, экономикалық және экологиялық аспектілерді ескере отырып, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға негізделген «тұрақты мемлекеттік сатып алу» институтын енгізу;

әлеуетті өнім берушілердің рейтингін енгізу;

мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдерін, мемлекеттік сатып алудың негізгі қағидаттарын және әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарын регламенттеу.

Бұл заң жобасы 2024 жылғы 3 сәуірде бірінші оқылымда мақұлданды.

Заң жобасымен жұмыс істеу барысында депутаттар Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша түзетулер енгізді және мыналарды ұсынады:

– EPC-келісімшарттарын енгізу. Бұл объектіні салу және оны пайдалануға беру бойынша толық аяқталған құрылыстың кешенді жұмыстары;
– мемлекеттік сатып алуда офтейк-келісімшарттар арқылы отандық өндірушілерді қолдау;
– мерзімдерді бұзғаны және жұмыстарды тиісті сапада жасамағаны үшін өнім берушілердің жауапкершілігін күшейту (өнім берушіден тұрақсыздық айыбын өндіріп алу, өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу).

Сондай-ақ:
– қосалқы мердігерлікке берілетін жұмыстардың шекті көлемін азайтуға (50%-дан 30%-ға дейін), сондай-ақ конкурста мәлімделмеген қосалқы мердігерлерді тартуға тыйым салуға;
– мемлекеттік сатып алу қорытындыларына шағым жасау тәртібін нақтылауға бағытталған түзетулер енгізілді.

Ауылдық әкімдіктердің жеделдігі және дербестігін арттыру үшін бір көзден алу тәсілімен сатып алудың шекті мәнін ұлғайту ұсынылады (3000-нан 4000 айлық есептік көрсеткішке дейін).

Бұдан басқа, жекелеген нормаларды нақтылайтын және заң жобасының мазмұнын жақсартатын, сондай-ақ заң техникасының талаптарына сәйкес келтіру жөнінде түзетулер енгізілді.

Парламент Мәжілісінің комитеттері заң жобасы бойынша қорытындылар берді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Түркия Президенті шұғыл жиын өткізді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Елорда кубогы»: Алмат Әбдуәли Үндістанның атақты боксшысын жеңді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.