Сахнада бейәдеп әрекет жасаған әртістерді жазаға тартатын қаулы шықты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Сахнада бейәдеп әрекет жасаған әртістерді жазаға тартатын қаулы шықты

16.05.2024
0
Сахнада бейәдеп әрекет жасаған әртістерді жазаға тартатын қаулы шықты
фото: inbusiness.kz

Мәдениет және ақпарат министрлігі «Ашық НҚА» порталына өнер адамдарының сахнада өзін бейәдепті ұстауына тыйым салуға қатысты қаулы жобасын жариялады.

Қаулы жобасы авторларының айтуынша, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде әртістердің көрермендермен байланыс орнату кезінде орынсыз мінез-құлқы, әртістің мәдени-бұқаралық іс-шаралар барысындағы әдепсіз мінез-құлқы, бейәдеп сөздерді қолданғаны, алкоголь ішімдігін ішкені, алкогольге және/немесе есірткіге мас болғаны, сондай-ақ психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларды қолданғаны үшін жауапкершілік енгізілмек.

Ұсынылып отырған нормативтік-құқықтық актіні енгізудің негізгі мақсаты – халықтың құқығы мен заңды мүддеcін қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ концерттік қызмет пен концерттік ойын-сауық іс-шараларды ұйымдастыру сапасын арттыру.

Қаулы құжатында жеке тұлғаларға 150 АЕК (553 800 теңге), заңды тұлғаларға 300 АЕК (1,1 млн теңге) көлемінде айыппұл салу ұсынылды. Ал бір жыл ішінде мұндай заң бұзушылық қайталанса, жеке тұлғаларға 200 АЕК (738 400 теңге), заңды тұлғаларға 600 АЕК (2,2 миллион теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, 2022-2024 жылдары шетелдік және отандық әртістердің қатысуымен, сонымен қатар Қазақстан аумағында концерт ұйымдастырушыларға қатысты даулы оқиғалар ірі қоғамдық резонанс тудырған және әлеуметтік желіде көптеген теріс пікір қалыптастырған.

Айта кетсек, Қазақстанда 2020 жылы да осыған ұқсас заң жобасы қабылданған болатын. Оның нормаларына сәйкес, өнер иелері өзін бейәдеп ұстамауы керек. Аталған нормалардың ішінде өнер иесіне мас халде сахнаға шығуға тыйым салынуға тиіс болатын.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Ақордада Малайзия Премьер-министрін қарсы алды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Ұлы дала жорығы»: Астанада бірегей ат марафоны туралы фильмнің тұсаукесері өтті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.