Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиСпорт

Дзюдодан ӘЧ: Абиба Абужақынова екі дүркін қола жүлдегер атанды

Фото: Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

Ұлттық құраманың дзюдошысы Абиба Абужақынова Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Абиба Абужақынова жүлде жолында Түркияның өкілі Тугче Бедерді жеңіп, дүниежүзі бәсекесінде екі жүлде алған тұңғыш қазақстандық әйел дзюдошы болды.

Ол Абу-Даби татамиінде жарысты екінші айналымнан бастап, әуелі Түркия, содан кейін Словакия мен Бразилия құрамасының спортшысын жықты. Ал жартылай финалда моңғолиялық дзюдошы Баасанху Бавудоржға қосымша уақытта (golden score) есе жіберді.

Абиба Абужақынова 2022 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында қола медальді жеңіп алған.

Әлем чемпионы Олимпиада рейтингінде 2 мың, күміс жүлдегер 1 400, ал екі қола жүлдегер 1 000 ұпайдан алады. Абу-Дабидегі додадан кейін рейтинг түзіліп, Парижге баратын спортшылар анықталады.

Ұқсас жаңалықтар

Новый стандарт обеспечения: впервые национальные сборные Казахстана получают полный комплект экипировки

admin_altyalash

ВЗНОС ПРЕЗИДЕНТА В ЭНДАУМЕНТ-ФОНД ҚАЗАҚ ТІЛІ ВЫРОС В 100 РАЗ  

admin_altyalash

Свобода слова — это не только право отдельного человека, но и стратегический ресурс

admin_altyalash