Астанада көркем гимнастикадан өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында Елжаңа Таниева алтын медальді жеңіп алды.
Ол көпсайыс қорытындысы бойынша чемпион атанды. Күміс жүлдені Милана Парфилова, қола медальді Айбота Ертайқызы иеленді.
Елжаңа Таниева биыл Азия чемпионы атанып, Париж Олимпиадасына жолдама алған болатын.
Айбота Ертайқызы да Азия чемпионатында таспамен жаттығуда алтын медальді жеңіп алған еді.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.