Мәжіліс Қостанай және Адай жылқыларын көбейтуді көздейтін заңды қабылдады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мәжіліс Қостанай және Адай жылқыларын көбейтуді көздейтін заңды қабылдады

22.05.2024
0
Мәжіліс Қостанай және Адай жылқыларын көбейтуді көздейтін заңды қабылдады
Фото: JORYQ федерациясы

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдады,

Заң жобасы депутаттардың бастамашылығымен әзірленген. Құжат мемлекеттік қолдау көрсету арқылы спорт бағытындағы қазақы жылқы тұқымын қалпына келтіруді көздейді.

Қостанай тұқымы 70 жылға созылған ғылыми зерттеудің нәтижесінде шығарылды. 1969 жылы елімізде 44 мыңнан аса Қостанай жылқысы тіркелген. Бұл барлық асыл тұқымды жылқылардың 9,7%-ы. Бүгінде Қостанай жылқысы тұқымының ресми тіркелген саны 270 бастан аспайды, ал Адай жылқысының саны – 1300 бас, – деді депутат Айдарбек Қожаназаров.

Оның айтуынша, аталған заң жобасы арқылы «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» және «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» заңдарына түзетулер енгізіледі. Түзетулерге сәйкес Қостанай және Адай жылқыларының тұқымын сақтауға және өсімін молайтуға субсидия бөлінеді:

  • Асыл тұқымды орталықтардың шетелдік селекцияның спорттық бағытындағы асыл тұқымды айғырларды сатып алу;
  • Асыл тұқымды аналық мал басымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізу;
  • Оларды ұстау бойынша шығындарды өтеу.

«Аталған қолдау тетіктері, отандық спорт бағытындағы жылқы тұқымдарын дамытуға жағдай жасап, бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге алу сынды ұлттық ат спорты түрлерін дамытуға ықпалын тигізеді. Расымен де елімізден Кабирхан секілді мықты жылқылардың үлкен ареналарда топ жаруын қаласақ, осы заңды қолдауларыңызды сұраймын», – деді депутат.

Дауыс беру нәтижесінде депутаттар заң жобасын қабылдады.

Бұған дейін қазақы жылқы тұқымының санын көбейтуге 701 млн теңге бөлінуі мүмкін екені хабарланғанды. Сондай-ақ Мәжілісте қазақ жылқысының жойылып кетпеуін көздейтін заң жобасы қаралды.

Бұған дейін «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ басқарма төрағасы Бауыржан Қасенов Halyq Uni тілшісіне берген сұқбатында соңғы жылдары Қостанай жылқысының басы көбеймегенін, тіпті құлын-тай 1-1,5 млн теңгеден сатылғанын айтты.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

5 жасар баланы құтқарған оқушыға 1 миллион теңге берілді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Сенат депутаттары кітапхананы аралады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.