Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениетРуханият

Ұлттық орталық музейде «Ахмет Жұбанов: Дәуір үні» көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде көрнекті композитор, дирижер, музыкатанушы, академик Ахмет Жұбановтың шығармашылық мұрасына арналған «Ахмет Жұбанов: Дәуір үні» атты көрме ашылды.

Көрмеде Ахмет және Ғазиза Жұбановтардың мемориалдық музей-үйінің қорынан алынған 120-ға жуық жәдігер қойылған. Олардың қатарында сирек фотосуреттер, мұрағат құжаттары, қолжазбалар, ғылыми еңбектер мен композитордың жеке заттары бар. Ерекше назар аударатын дүниелердің қатарында қазақ әріптері бар 1950 жылғы неміс жазу машинкасы, дирижерлік фрак, 1934 жылы Эмануэль және Борис Романенко жасаған домбыра, сондай-ақ нота жазбалары мен өзге де бірегей жәдігерлер ұсынылған.

Экспозиция қазақ музыка өнерінің негізін қалаушылардың бірі Ахмет Жұбановтың өмір жолы мен мұрасын кеңінен танытуға бағытталған. Ғалым-композитордың кәсіби музыканың қалыптасуына, халық аспаптар оркестрінің дамуына, ұлттық музыка мұрасын зерттеуге және отандық опера өнерінің өркендеуіне қосқан еңбегі қазақ музыка өнері тарихында айрықша орын алады.

Ұқсас жаңалықтар

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталды

admin_altyalash

Алматыда АЭС салу мәселесі бойынша 19-шы жария талқылау өтті

admin_altyalash

Бибісара Асаубаева Нью-Делидегі Гран-Приде жеңіске жетті

admin_altyalash