Сенат депутаттары кітапхананы аралады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Сенат депутаттары кітапхананы аралады

23.05.2024
0
Сенат депутаттары кітапхананы аралады
фото сенат
Сенат төрағасы бастаған Палатаның бір топ депутаты Астана қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметімен танысты.

Қазіргі таңда аталған жүйе 22 кітапхананы біріктіреді. Сенат депутаттары оқу залдарына арнайы барып, кітап қорына назар аударды. Сондай-ақ олар кітапхана қызметкерлерімен бірге елімізде бұл саланы дамыту және халықтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мәселелерін талқылады.

Өз сөзінде Мәулен Әшімбаев қоғамда дұрыс құндылықтарды дәріптеу, оқу мәдениетін қалыптастыру және білім беру саласын ілгерілету бағытында кітапханалардың атқаратын рөлі зор екенін атап өтті. Сондай-ақ Палата Спикері осы саладағы өзекті мәселелерге де тоқталып, бүгінде оларды шешу жолында барлық деңгейде жүйелі және кешенді жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен соңғы жылдарда елімізде кітапханаларды дамыту, бұл бағытта жаңа, креативті жобаларды іске асыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның аясында Астана мен Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін заманауи кітапханалар салынады. Ұлттық кітап күнін бекіту мәселесі де талқыланып жатқаны белгілі. Сондай-ақ бүгінде «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» атты акция өткізілуде. Бұл бастамаға сенаторлар да өз үлестерін қосып жатыр», – деген Мәулен Әшімбаев ел ертеңіне бей-жай қарамайтын азаматтарды жаңа акцияға үн қосып, оған белсенді қатысуға шақырды.

Сонымен қатар Сенат төрағасы кітапханашылардың мәртебесі мен беделін арттыру мәселесінің маңызды екенін айтты. Бүгінде мектеп кітапханашылары Педагог мәртебесі туралы заңда қарастырылған жеңілдіктер мен қолдаудың игілігін көре алмай отырғанын ескерсек, бұл өзекті проблема екені анық.

Кездесуде елордадағы Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметі туралы да сөз болды. Онда шығармашылық кездесулер өткізетін зал, коворкинг орталық, өлкетану секторы және кітап оқуға жетелейтін басқа да тың бастамалар қарастырылған.

Айта кетейік, Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасы 1975 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол – Астанадағы ең ірі кітапханалардың бірі. Кітап қорында 167 мың кітап бар. Ал, оқырмандар саны 8000 адамға жетеді. Былтыр жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесінде кітапхананың материалдық-техникалық базасы мен жиһаздары жаңғыртылды. Сондай-ақ нысанның қасбеті жаңарып, жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Мәжіліс Қостанай және Адай жылқыларын көбейтуді көздейтін заңды қабылдады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Британ жанкүйерлері Димашты мерейтойымен құттықтады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.