Киберқауіпсіздік – Қазақстанның қаржы секторы үшін басты тақырыптардың бірі. Әсіресе ел астанасынла ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын 1800-ден астам қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Келтірілген залал мөлшері 1,3 миллиард теңгеден асады. Бүгінде жасанды интеллектіні пайдаланып, әр түрлі дауыспен азаматтардың ұялы телефонына хабарласатындар да көбейді. Алаяқтар полиция, ұлттық банк қызметкерлері немесе сізбен танысыңыз секілді сөйлеп, түрлі транзакциялар жасауға үгіттейді. Мұндай заңсыздықтардың алдын алу мақсатында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мақсатында елорда аумағында тоқсан сайын «anti-fraud» және «Hi-tech» жедел-алдын алу іс-шаралары өткізіледі. Сонымен қатар, интернет-алаяқтықтың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ елорда халқының қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында департамент бөлімшелері тұрақты негізде халықпен қолданылатын әдістерді жариялау бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізуде. Мұндай шаралар азаматтарға киберқауіпсіздік талаптарын ескеруге, қырағылық пен сақтыққа үйретеді. Сонымен бірге интернет-алаңдарда тауарлар мен қызметтерді сатып алу, дербес және банктік мәліметтердің құпиялылығын сақтау, сенімді парольдерді пайдалану және екі факторлы аутентификацияны пайдалану кезінде күмәнді сілтемелерді тексеруге мән беру қажет.