Теннисші Жібек Құламбаева Италияның Бари қаласында жұптық сында өтіп жатқан WTA125 челленджер турнирінің жартылай финалына шықты.
Ол португалиялық Франчиска Хорхемен бірге ширек финалда аргентиналық Надя Подороска мен румыниялық Ирина Барэні жеңді.
Теннисшілер қарсыластарынан 7:5, 6:3 есебімен басым түсті.
Енді Құламбаева мен Хорхе финалға шығу үшін жарыстың 1-ракеткалары, отандасымыз Анна Данилина мен ресейлік Ирина Хромачёва немесе франциялық Эстелль Кашино мен грузиялық Натела Дзаламидзе жұптарының жеңімпаздарымен ойнайды.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.