Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиОбщество

Утильалым жұмыс тобының отырысы өтпей қалды: министрлік мәлімдеме жасады

several cars destroyed in the workshop car demolition
Фото:depositphotos.com / ChiccoDodiFC

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі утилизация алымы туралы петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтпегенін мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше петицияның бастамашылары отырысқа қатысудан бас тартқан.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ғимаратына – стратегиялық нысанға кіру регламентіне сәйкес келушілер ұялы телефондарын кіреберісте қалдыруға тиіс. Алайда өтініштің бастамашысы Санжар Боқаев және оның өкілдері регламент талаптарын орындаудан және жұмыс тобының отырысына қатысудан бас тартты, — деп жазылған хабарламада.

Министрлік барлық мүдделі тарап шақырылғанын, жұмыс отырысының түсірілімі және отырыстың хаттамасы қамтамасыз етілгенін атап өтті.

«Отырысқа қатысу үшін парламент депутаттары, өнеркәсіп вице-министрлері, басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері жиналды. Өңірлерден қоғам белсенділері келді.

Алайда біз жоспарланған іс-шараны тоқтатуға мәжбүр болдық, өйткені петицияның бастамашысы оған қатысудан бас тартып, министрліктің Жұмыс тобының отырысынан кейін бейнежазбаны ұсынуына келіспеді», — деді ӨҚМ баспасөз қызметі.

24 мамырда E-Petition.kz ресми порталында жарияланған утиль алымға қатысты петицияға 50 мың адам қол қойды.

Ұқсас жаңалықтар

Почти 80% казахстанцев против ценностей ЛГБТ

admin_altyalash

Усилены меры по пресечению незаконного оборота холодного оружия

admin_altyalash

В ЧЕСТЬ 80-ЛЕТИЯ ПОБЕДЫ ПРОШЕЛ РЕСПУБЛИКАНСКИЙ ТУРНИР НА КУБОК АКИМА ОБЛАСТИ

admin_altyalash