Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовостиПолитика

Мемлекет басшысы Конго Президентінің жеке өкілі Франсуаза Жолиді қабылдады

Фото: Ақорда

 — Мемлекет басшысы Конго Республикасы Президентінің стратегиялық мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жеке өкілі Франсуаза Жолиді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франсуаза Жолиге ілтипат білдіре отырып, оның бұл сапары Қазақстан мен Конго Республикасы арасындағы өзара тиімді байланыстарды дамытуға деген шынайы ниеттің белгісі саналатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы биыл елдеріміз дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығын атап өтетініне тоқталып, Конго Республикасымен ықпалдастықты нығайтуға дайын екенін айтты.

Франсуаза Жоли құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, Президент Дени Сассу-Нгессоның ізгі тілегін жеткізді.

Кездесуде Конго Республикасы Президентінің Қазақстанға жасайтын алдағы сапарына қатысты мәселелер, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды.

Ұқсас жаңалықтар

В Жамбылской области обсудили роль конституционной реформы в политическом обновлении

admin_altyalash

Euronews в Астане и развитие медиаграмотности в Казахстане: ключевые события в информационной сфере

admin_altyalash

Свидетельница по делу Шерзата Полата: Мужчина крикнул, что вытащит оружие и будет стрелять

admin_altyalash