Мемлекет басшысы Alatau City жобасын жандандыруды тапсырды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Шілде 13, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Alatau City жобасын жандандыруды тапсырды

14.06.2024
0
Мемлекет басшысы Alatau City жобасын жандандыруды тапсырды
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады.

Мемлекет басшысына облыстың биылғы қаңтар-мамыр айларындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндалды.

Жалпы өңірлік өнім көлемі 5 трлн теңгеге жеткен облыс еліміз бойынша бесінші орында тұр. Қаңтар-мамыр айларындағы қысқа мерзімдік экономикалық көрсеткіш 107,9 пайызды құрады. Өнеркәсіптің жалпы көлемі жөнінен өңдеу өнеркәсібі (88,5%) жетекші орынға ие.

Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, ауыл шаруашылығы, байланыс қызметі, көлік, құрылыс салаларында және сауда-саттық секторында да айтарлықтай өсім қарқыны байқалады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыс аумағында 7 индустриялық аймақ құрылып жатқаны жөнінде баяндалды. Өңірдің 2030 жылға дейінгі инвестициялық портфеліне жалпы құны 3,7 трлн теңге болатын 207 жоба  енген. Биыл сомасы 446,7 млрд теңге болатын 58 жоба іске асырылып, 5,3 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Сонымен қатар мемлекет басшысына шағын және орта бизнестің дамуы жөнінде мәлімет берілді. Әкімнің айтуынша, 2024 жылдың басындағы дерекке сәйкес өңірде 136,7 мың шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Бұл былтырғы көрсеткіштен 6,3 пайызға көп.

Бұдан бөлек, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 53 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған. Оның 46-сына тиісті қаржылай қолдау көрсетілген.

Марат Сұлтанғазиев өңірдегі әлеуметтік мәселелер, соның ішінде үш ауысымды мектептердің проблемасы жоспарлы түрде шешіліп жатқанын айтты. Былтыр 13,8 мың орындық 13 мектептің құрылысы аяқталды. 2024-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында тағы да 53 мектеп салу жоспарланып отыр.

Бұған қоса, президентке Алматы облысында жүргізілген «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының алғашқы бес аптасының қорытындысы таныстырылды. Облыс тұрғындары қоғамдық орындарды абаттандыру және жаппай ағаш отырғызу ісіне белсенді атсалысқан. Аталған шара аясында 19 506 тонна қоқыс жиналып, 6600 гектардан астам аумақ тазартылған.

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» бастамасы экологиялық мәдениетті қалыптастыратын маңызды қадам екенін атап өтіп, облыс әкіміне аталған жұмысты тұрақты түрде жүргізуді тапсырды.

Кездесуде облыс орталығы Қонаевты, жаңадан құрылған Алатау қаласын және тұтас агломерацияны дамыту перспективасы талқыланды. Мемлекет басшысына қала құрылысына қатысты құжаттаманы әзірлеу және бекіту жұмыстарының аралық нәтижесі таныстырылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың стратегиялық даму жоспарын орындауға бағытталған жұмыстарды жалғастыруды, сондай-ақ Alatau City жобасын іске асыру үшін әлеуетті инвесторлармен қарым-қатынасты жандандыруды тапсырды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Даланың дүбірлі додасы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Президент шахматтан әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекті құттықтады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.