Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовости

Президент шахматтан әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекті құттықтады

Фото: elorda.info

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан жастар арасындағы әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекті құттықтады.

Президент Үндістанның Гандинагар қаласында өткен әлем чемпионатында құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілген Қазыбек Нөгербекке құттықтау жеделхатын жолдады.

Ел намысын қорғап, үздік шахматшы ретінде гроссмейстер дәрежесін иеленіп, әлем чемпионы атану – зор жетістік. Ұлтымыздың абыройын асқақтататын өзің сияқты алғыр да ақылды ұрпақтың өсіп келе жатқаны қуантады. Алдағы уақытта да жарқын жеңістерге және арман-мақсаттарыңа жете беруіңе тілектеспін, – делінген жеделхатта.

Қазыбек Нөгербек Үндістанның Гандинагар қаласында өткен 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы әлем чемпионатында классикалық шахматтан 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинады. Қазір оның FIDE-дегі рейтингі – 2501.

Нөгербек инновациялық білім беру бағдарламасында шахматтан педагог-жаттықтырушы мамандығы бойынша оқиды. Бұл жеңіс шахматшыға алтын медаль ғана емес, Әлем кубогына жолдама да алып берді.

Ұқсас жаңалықтар

Пресс-конференция в Службе центральных коммуникаций: достижения и новые инициативы МЧС Казахстана

admin_altyalash

Три новые системы питьевого водоснабжения для 22 тыс. жителей 4-х районов Северо-Казахстанской области запустило Министерство водных ресурсов и ирригации

admin_altyalash

Казахстан располагает значительными возможностями для развития атомной энергетики

admin_altyalash