Төл табиғатымыздың тазалығы маңызды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Шілде 14, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Төл табиғатымыздың тазалығы маңызды

15.06.2024
0
Төл табиғатымыздың тазалығы маңызды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев туризмді дамыту жөніндегі өткі­зілген кеңесте экология мәсе­лесіне арнайы тоқ­талды. Мем­лекет басшысы туризмді дамы­тамыз деп, табиғатқа зиян кел­тіруге болмайды деп қадап айтты.

«Қоғамда экологиялық мәде­ниет қалыптасып келеді. Бірақ өткір мәселелер де аз емес. Өкінішке қарай, өзен-көлдің жағасын, орман ішін қоқысқа толтыратындар әлі де азаймай тұр. Тазалықты сақтау үшін арнайы экологиялық шаралар өткізуге мәжбүрміз. Қазір елі­мізде «Таза Қазақстан» акция­сы жүріп жатқанын білесіздер. Бұл жұмыстың тиімді болуы, ең алдымен, жұрттың сана-сезіміне байланысты. Әрине, азамат­тардың экологиялық сауатын көтеру де маңызды», деді Мемлекет басшысы.

Президент айрықша назар аударып отырған экологиялық жағдайы қиын­даған тараптың бірі – Көкшенің күміс көлдері. Әсіресе Шортанды мен Ай­накөл. Мамандардың есептеуіне қарағанда, былтырғыдай құрғақ­шылық жылдары көл суының көп мөлшері буға айналып, ұшып кетеді екен. Оның үстіне «жығылғанға жұдырық» дегендей, Сарқырама мен Сарыбұлақ өзендері тоқырап, жылап ағатын болғалы Бурабай көлдерін үсте­мелей толықтыратын су аз. Қар мен жаңбыр суы көлге жете алмай, сай-салаға сіңіп кетеді. Себеп, табиғи су жолдары ретсіз салынған ғимараттармен жабылып қалған. 1960 жылдардағы жағдаймен салыстырғанда Шортанды көлінің деңгейі 6-7 метр төмен түскен. Алғашқы жағалаудан 700-800 метр­ге дейін қашықтаған.

Деректерге назар салсақ, өткен ғасырдың басында Бурабайдың ай жүзіне кіреуке түспей, мөлт-мөлт етіп бұла күйінде тұрғанда осы өлкеге ат басын бұрған белгілі сая­хатшы В.Се­меновтің еңбегінде Шортанды көлінің ұзындығы – 7 верст, ені – 5 верст, тереңдігі 2 аршын болғандығы көрсетілген. Сая­хатшы көлдегі балықтың көптігіне таңғалған. Осы бір көріністі бүгінгі жаймен салғастыра безбендесеңіз, өкініш өзегіңізді өртер еді. Жыл өткен сайын Бурабай көлдерін толықтыратын су көздері азайып, көл түбіне шөккен шіріген қамыс пен қоғаның салдарынан табанындағы бұлақ көздері бітеліп, аянышты күйге түскен. Оқырманға түсінікті болуы үшін 1 верстың – 1,0668 шақырым екенін айта кетсек артықтығы болмас. Көл суы кемімес үшін ағын су жиналатын ауқым да атшаптырым болуы керек сыңайлы. Осы арада ескере кететін бір жайт Бурабай көлдері негізінен қар және жаңбыр суымен қоректенеді. Ал ол сулардың көлге құюына экология мәселесін ескермей салынған асфальт жолдар бөгет болып тұр.

Әулиекөлдің жайы да осы. Бұл көлдің су құрамына байланыс­ты өсімдіктер көп өскен. Кейін шіріп, табанына шөге бастады. Иманай ағындысы тартылды, көлге құйылуы тоқтады. Міне, осыдан кейін көл суы жағалаудан қаша бастады. Ендігі амал – бір кезде толықсып жатқан көлдер мен булықсып аққан бұлақтарды табиғи қалпына келтіру үшін кешенді зерттеу жұмыстарын жүр­гізген ләзім. Ең алдымен, бар­лық кедергі мен көлеңкелі жайларды анықтап, көлге қиянат жасап тұрған кейбір ғимараттардан арылу керек шығар.

– Асылында адамдар өзінің туған үйі іспетті төл табиғатты аялап, құр­мет­теуге тиісті, – дейді Ақмола облы­сының құрметті азаматы Болат Жан­әділов – Соңғы жылдары көркем табиғат­тың кескіні жүдеп бара жатқанын көріп жүрміз. Елдің азаматы ретінде жаны­мыздың ашитыны да рас. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өте дұрыс айтып отыр. Табыс табамын деп табиғатқа тақсі­рет тарттыруға болмайды. Бұл бай­лықтың ішінде келер ұрпақтың да сыбағасы бар.

Иә, Бурабай баурайына бір маусымда миллиондаған турист келеді. Адам аяғы көп болған соң табиғаттың ай жү­зіне кіреуке түсетіні де ақиқат. Шын­туайтында, Бурабайдың жүктемесін азайту үшін туризмге қолайлы өзге өңірлердің де мүмкіндігін пайдалану керек шығар. Мәселен, ажарлы, сұлу Сандықтау өңірі. Бурабай мен Зерендідей емес, бұл жерде адам аяғы сирек. Тұмса табиғаттың тұнығы бағзы замандағы уыз қалпында деп айтуға болады. Көзін тапқанға туризмді дамытудың мүмкіндігі де мол. Қолдың саласындай ақ қайыңдар мен мәңгі жасыл қарағайлар көмкерген, ақ бұлағы шөліркеген, кенезесі кепкен көркем даланың таңдайын жібітіп, күні-түні ағып жатқан Сандықтау ауданының көлемі 6,4 мың шаршы ша­қырым, автомобиль жолдарының ұзындығы 777 шақырымға тең. Оның 68 шақырымы – республикалық маңыздағы, 135 шақырымы – облыстық маңыздағы жолдар. Тау етегіне, табиғат қойнауына баратын таспадай тегіс жол тартылса, жол бойында қоғамдық тамақтандыру орындары ұйымдастырылса, кірпияз туристің көңілінен шығатын демалыс орындары салынса, дәл осы жерде табысты туризмді тәп-тәуір ұйымдастыруға болар еді. Табиғаты сылаң қаққан Сандықтау төсіндегі Жабай, Сар­қырама, Жыланды, Ащылы, Аты­жоқ, Қоңыр өзендерінің шалғыны белден келетін жағалауы қандай. Новоникольск, Жақ­сы-Жалғызтау, Құмдыкөл тәрізді тұщы суы мөлт-мөлт етіп жатқан, ақ балығы тайдай тулаған айдындары да бар. Балықшылардың айтуына қара­ғанда, балықтың жиырмадан астам түрі өрістейді. Жыл сайын көктемгі су тасқыны кезінде жергілікті жұртты әбігерге салатын Жабай өзеніне тайдай толқындары қос жағалауды кезек түсіріп, Сарқырама мен Ащылы өзендері қосылады. Үш өзеннің түйіскен жері қалы кілемдей құлпырған, мың түске боялып, көз арбайтын көркем бір сурет.

Сандықтаудың орман көлемі – шамамен алғанда 70,8 мың гектар алқап. Негізінен ауданның солтүстік жағында орналасқан. Келімді-кетімді кісінің аздығынан жаз айларында жеміс-жидегі көз арбап, киіздей тұстасып жатады. Құстың да жүзден астам түрі бар. Ит тұмсығы өтпейтін қалың орманның ішінде марал, қасқыр, түлкі, тиын, қоян, суыр, борсық, қарсақ жортып жүр. Кейбір дерекке қарағанда, осы орманның ішінде аю да мекен еткен деседі. Ең соңғысын 1897 жылы Рябухин деген аңшы атып алыпты.

Ауданда 4 қонақүй, 8 қонақжай бар. Он беске жуық қоғамдық та­мақтандыру орыны жұмыс істейді. Балқашин селосында жеке кәсіп­керлер дәмханалар салып жатыр.

Ал көне тарих қазынасы тұнып тұр. Бір ғана мысал келтіре кетелік, Кенесары ханның соңынан еріп бар ғұмырын ат жалында өткізген есіл ер Шамай батырдың кіндік қаны осы топырақта тамған. Жер бесігі де Маралды орманының бір мүйісінде. Батырдың бейітіне барып құран оқимын деушілердің қарасы көп. Былтыр Шамай ба­тырдың бейітіне жеткізер жол ішінара жөнделді. Тағы бір та­ғылымды тұлға – Кенжебай батыр. Есіл ердің ерлігі атақты Мәш­һүр Жүсіптің «Мес» жина­ғында баяндалады. Бейіті Меньшиковка селосынан алты шақырым жерде. Міне, осындай мүмкіндікті пайдаланып, Бурабай баурайындағы жүктемені сәл азайтсақ, төл табиғатымыздың тұмса қалпын сақтап қалар ма едік?

 

Ақмола облысы

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Ерлан Қарин Мұрат Әуезов туралы: парасат-пайымы жоғары, білімі терең, ойы озық, ұстанымы берік тұлға еді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.