Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Асу Алмабаев UFC-де жеңіске жетті

Фото: sports.kz

 – Қазақстандық спортшы Асу Алмабаев аралас жекпе-жектен Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткен UFC on ESPN 58 турниріне қатысты, деп хабарлайды Sports.kz.

Асу америкалық Хосе Джонсонмен (16-8) жекпе-жекке шықты, бұл кездесудің қазақстандық үшін тарихи маңызы зор еді. Себебі Асу UFC турнирінде алғаш рет өнер көрсетіп отыр.

Ең жеңіл салмақтағы кездесу үш раундқа есептелген болатын және ол төрешілердің бірауыздан шешімімен Алмабаевтың пайдасына шешілді.

Осылайша, Асу Алмабаев кәсіби мансабында 20-шы жеңісіне қол жеткізді. Ал, Хосе Джонсон осымен 9 рет жеңілді. Спортшылардың UFC-дегі жетістіктеріне келетін болсақ, Алмабаевта 3-0, Джонсонда – 1-2.

Ұқсас жаңалықтар

«Наурыз» бағдарламасы: Ұпай саны қалай есептеледі

admin_altyalash

Әуе рейстерінің кешігуі қалыпты әдетке айналып барады – Үкімет басшысы

admin_altyalash

Садақ атудан ұлттық құрама Көшпенділер ойындарына дайындалып жатыр (ФОТО)

admin_altyalash