Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСаясат

Сенат Қытайға автомобиль жүк тасымалын дамытуға арналған құжатты мақұлдады

сенат
Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

 – Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды.

Заң Қазақстан мен Қытай арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялауға бағытталған. Келісім 2023 жылғы 17 мамырда Сиань қаласында жасалған.

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мәліметіне қарағанда, құжаттың мақсаты – Келісім тараптарының аумақтары арқылы автомобиль жүк тасымалдарын ілгерілету, автомобиль көлігінің қазіргі заманғы жүйелерін дамыту, ақпараттық технологияларды ендіру, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы транзиттік-көліктік әлеуетті және сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Келісімде жолаушылар мен жүк тасымалы мәселелері, көлік құралының жүруіне рұқсат беру әрі одан босату шарттары, жүргізушілер мен көлік құралына қойылатын талаптар, сондай-ақ сақтандыру, салық салу және өткізу пункттерінде бақылау мәселелері регламенттелген.

Заң ақпараттық технологияларды ендіру, тасымалдау жағдайларын жетілдіру және Келісім тараптарының аумақтары арқылы автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау көлемін ұлғайту үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

18 жастағы жігіттің жүрегін басқа адамға салып жатыр

admin_altyalash

Майк Тайсон блогермен бокстасады (ВИДЕО)

admin_altyalash

«Ұлы Жеңіс – ерлік пен даңқтың мәңгілік мұрасы» атты кең көлемді апталық кітап көрмесі өтті

admin_altyalash