– Бүгін елордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды.
Күн тәртібіне сәйкес, Парламент Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» жолдауын тыңдауға кірісті. Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылайды.
Бірлескен отырыста «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңының жобасы екінші оқылымда қаралады.
Палата отырысына депутаттық корпустан бөлек, ҚР Премьер-Министрі бастаған Үкімет мүшелері толық құрамда қатысып жатыр. Сонымен қатар, ҚР Конституциялық соты мен ҚР Жоғарғы сотының төрағалары, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы бар.
Еске сала кетейік, республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп бұған дейін палаталарда жеке-жеке талқыланған болатын. Мәліметтерге сәйкес, былтыр бюджеттің 489 млрд теңгесі тиімсіз игерілген.