Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Жыл басынан бері Солтүстік Арал теңізіне 1,1 млрд текше метр су келіп, ондағы су көлемі 21,4 млрд текше метрге жетті,
Осыған дейін Солтүстік Аралды оңтүстіктен бөліп тұрған Көкарал бөгетінің құрылысы аяқталып, су деңгейін көтеруге мүмкіндік берді.
«Бөгет пайдалануға берілгеннен бүгінге дейін Сырдария өзенінен Солтүстік Арал теңізіне 46,6 млрд текше метр су келді. Ал соңғы 7 жылда теңізге 13,3 млрд текше метр су түсті. Соңғы жылдары Солтүстік Аралдың су көлемі азайды, алайда 2024 жылдың басынан бастап деңгейі қайта көтеріле бастады және бүгінде 21,4 млрд текше метрге жетті», деді ведомствоның ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.
Айта кетсек, Сырдария өзені ағынының 75%-ы Қырғызстанда, 20%-ы Өзбекстанда, 5%-ы Қазақстанда қалыптасады.