Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиСпорт

Шәміл Досбол грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

Фото: Olympic.kz

Күрес түрлерінен Иорданияның астанасы – Амман қаласында өтіп жатқан 17 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан балуандары жақсы нәтиже көрсетіп жатыр.

Грек-рим күресінен 60 келі салмақта белдескен Шәміл Досбол екі дүркін Азия чемпионы атанды. Ол 17 жасқа дейінгі спортшылармен белдесіп, Қытай мен Үндістан балуандарын жеңіп, финалда Өзбекстанның өкілімен тең түсті. Алайда соңғы нәтижелі әдісті жасағандықтан, жеңіс қазақ спортшысына берілді.

Одан басқа, 92 келідегі Әділет Тойшы күміс медальді иеленсе, Нұрдәулет Құмарұлы (45 келі) мен Едіге Төлеутаев (51 келі) қола жүлдеге ие болды.

Алмат Кебіспаев жаттықтыратын грек-рим күресінен U-17 құрамасы жалпыкомандалық есепте 3-орын иеленді.

Ұқсас жаңалықтар

Касательно публикаций в социальных сетях и средствах массовой информации о возможном заражении при потреблении мяса сайги

admin_altyalash

Новых акимов районов назначили в Алматы

admin_altyalash

11, 1 млн человек посетили библиотеки Казахстана в первом квартале 2026 года

admin_altyalash