Түркістан облысында 182 жасөспірім жүкті болып қалған – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Шілде 14, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Түркістан облысында 182 жасөспірім жүкті болып қалған

25.06.2024
0
Түркістан облысында 182 жасөспірім жүкті болып қалған
фото ашық дереккөздерден алынды
Ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында өңірде «Репродуктивті денсаулықты сақтау» апталығы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Сатыбалды Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Апталықтың басты мақсаты – халықтың репродуктивті денсаулық мәселелері туралы ақпараттандыру, салауатты өмір салтын насихаттау және ұрпақты болу жүйесімен байланысты аурулардың алдын алу. Апталық аясында ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары, денсаулық сақтау орталықтарында ашық есік күндері, жасөспірімдерге арналған тегін медициналық тексерулер мен кеңестер ұйымдастырылады.

Брифингте ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесi Назым Жанғазинова ата-ана мен бала арасында жоспарланбаған жүктілік жөнінде ашық әңгіме болуы керектігін айтып, ұлт болашағына жауапкершілікпен қарауға шақырды. Ал Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Сатыбалды Түркістан облысы туу көрсеткіші бойынша еліміздегі көш бастап келе жатқанын жеткізді.

«Өткен жылы өңірде 56 мыңға жуық нәресте дүниеге келсе, осы жылдың алғашқы 5 айында 20 мың 859 сәби дүние есігін ашып отыр. Ана мен бала денсаулығы – ел болашағының жарқын болуының негізі. Бүгінгі таңда облысымызда 500 мыңға жуық бала тууға қабілетті жастағы әйелдер бар. Оның ішінде 28 мыңнан астам әйел жүкті болып тіркелген. Сонымен қатар 182 жасөспірімнің жүктілігі тіркеліп отыр. Жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы анықталып, 600-ге жуық әйел осы дерттен көз жұмады. Репродуктивті денсаулықты қорғау апталығы аясындағы жұмыстар халық денсаулығын нығайтуға септігін тигізеді деген үміттемін», – деді Бауыржан Сатыбалды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қарағанды облысында сақ дәуіріне жататын темір қанжар табылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын пайдалану мүмкіндігі тоқтатылуы мүмкін

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.