Қазақстан – Мальта: Қатынас жандана бермек – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Қазақстан – Мальта: Қатынас жандана бермек

26.06.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999

Фото: kaz.inform.kz

Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанада ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы әрі Мальтаның Сыртқы, еуропалық істер және сауда министрі Иан Борчпен кездесті. Кездесу барысында тараптар өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар төңірегінде жан-жақты пікір алмасып, келіссөздер жүргізді. Келіссөздерден кейін қос елдің Сыртқы істер министрі журналистер алдында бірлескен мәлімдеме жасады.

Елімізге алғашқы ресми сапарымен келген мальталық мейманға алғыс білдіріп, кел­ген қадамына құт тілеген Мұрат Нұр­тілеу Мальта сыртқы саясат ведомствосы бас­шы­сының елімізге жасаған алғаш­қы ресми сапарына ерекше мән беретінімізді атап өтті.

«Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақ­тас­тық ұйымының қазіргі төрағасы Астанаға еліміздегі жауапты кезеңде келіп отыр. Елі­міз айтарлықтай демократиялық жетіс­тік­­терге қол жеткізіп, Әділетті Қазақстан құру жолында келеді. Біз бүгінгі сапарды Мем­­­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев баста­ма­­шы­лық еткен іргелі саяси, әлеуметтік-эконо­­ми­калық реформаларымыз­ды қол­дау­дың ай­қын көрінісі деп есептейміз. Тұғы­ры берік, эко­номикасы мығым, халықаралық сая­си аре­надағы беделі барынша мойын­далған Мальта бүгінде Еуропалық одақтағы Қазақстанның маңызды да сенімді серіктесі бо­лып отыр. Елдеріміз арасындағы ди­пло­матиялық қатынастар осыдан отыз бір жыл бұрын орнатылған. Кейінгі кезде Астана мен Валлетта арасындағы саяси диалогтің дамуы қарқын ала бастады», деген М.Нұртілеу экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынты­мақтастықтың да болашағы орасан зор екеніне тоқталды.

«Сауда-экономикалық әлеуе­тімізді толық пайдалану мақ­сатында министр Борчпен туризм, өңдеу, жер қойнауын барлау, теңіз логистикасы сияқты перс­пективалы секторлар бо­йын­ша жұмысты жандандыруды уағдаластық. Қазақстан азаматтары үшін Еуропалық одақтың визалық режімін жеңілдету мәселесіне бөлек тоқталдық. Біздің ойымызша, оның оң шешілуі сан қырлы байланыстардың белсенді дамуына зор септігін тигізер еді», деді М.Нұртілеу.

Мұрат Әбуғалиұлы сондай-ақ ЕҚЫҰ төрағасымен өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар бойынша жан-жақты пікір алмасқанын жеткізді. Оған қоса көптеген халықаралық мәселелер бойынша елдеріміздің ұстанымдары ұқсас әрі жақын екенін атап өтті.

«Еліміздің биылғы бірқатар ірі халық­ара­лық ұйымдағы төр­аға­лығы барысын ортаға салдық. Сондай-ақ Хельсинки Қоры­тын­ды актісі қабылданғанының 50 жылдығы қар­саңында, Еуропадағы қауіпсіздік және ынты­­мақтастық  ұйымының рөлі мен беде­лін арттыру жолдарын қарастырдық. Қазіргі қалыптасқан геосаяси ахуал кезін­дегі Ұйымда болған институционалды дағ­дарысқа қарамастан, біз оның әсерін бәсең­дету мақсатында кешенді жұмыс жүр­гізіп отырмыз. Осыдан он төрт жыл бұрын қабылданған Астана деклара­­ция­сы­ның қағидаттары өз өзекті­лігін жоғалт­пай, жыл­дан-жылға маңыздылығын сақтап келеді. Бүгін де Валлетта ұйым­ға төрағалық етіп, осы жауапты міндетті үлкен абыроймен атқарып отыр», деді М.Нұртілеу.

Кездесу барысында мальталық әріптесі­мен диалогке арналған бірегей платформаны Хельсинки актісі мен Астана декларациясы рухында одан әрі дамыту жайында келіскендерін атап өтті.

Иан Борч алдымен еліміздегі тасқын су салдарынан болған қиын жағдайға байланысты біздің халыққа көңілін білдірді.

«Адам шығыны болып, тұр­­­ғын үйлерді жермен-жексен қылған және мал-мүліктің қыры­луына әкелген көктемдегі су тасқы­нынан зардап шеккен Қазақстан халқына шын жүректен көңіл айтамын. Сабыр­лылық, шыдамдылық пен төзімділік таныт­­қан қазақ халқын жоғары баға­лаймыз. ЕҚЫҰ сіз­дер­мен ынты­мақтастықты қалай­ды және Қазақ­станды қолдауға ниетті», деді ЕҚЫҰ төрағасы.

Сондай-ақ ол Астананың мерей­тойлық декларациясы қашанда ЕҚЫҰ тарихындағы іргетас болып қала беретінін ерекше атап өтті. 2010 жылғы Астана саммитінің сәтті өткенін айтты. Сонымен қатар Қазақстанның қауіпсіздіктің үш өлшемінде маңызды орын алатынын, белсенді рөл атқаратынын атап өтті. Жер дауымен әскери қақтығысқа дейін барып, әуре-сарсаңға түскен Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбіт келісімдердің орнығуына жәрдем беріп, арағайындық танытқан еліміздің халықаралық беделіне де жоғары баға берді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Жосықсыз алимент төлемеушілермен күрестің жаңа тәсілдері

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстанда 14 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.