«Түркістан облысында жүк көлігінің жүргізушісі тірідей жанып кетті»: туыстары жанайқайын айтты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

«Түркістан облысында жүк көлігінің жүргізушісі тірідей жанып кетті»: туыстары жанайқайын айтты

26.06.2024
0
«Түркістан облысында жүк көлігінің жүргізушісі тірідей жанып кетті»: туыстары жанайқайын айтты
Фото: KAZ.NUR.KZ

Түркістан облысында карьерде жұмыс істеген жүк көлігінің жүргізушісі тірідей жанып кетті. Марқұмның ата-анасы жалын сапасы төмен қытайлық жүк көлігінен шыққанын, соның кесірінен ұлы жан тапсырғанын айтады. Олар жұмыс берушіден өтемақы берілуін талап етеді, деп хабарлайды nur.kz.

Қайғылы жағдай 11 маусымда Төлеби ауданы Ақбастау ауылында болған. Екі баланың әкесі түскі астан соң әдеттегідей жұмысына барған. Бірақ күндізгі үш жарымдар шамасында үйіне қаралы хабар жеткен.

«Күндегідей баламды жұмысына шығарып салғам. Кешке тәтті тамақ істеймін, ертерек кел дедім. Дәл сол күні ол қуанышты болды. Себебі қатерлі ісікке шалдыққан келініміздің Алматыдағы емі жақсы әсер еткен. Соны естіген ұлым жұмысына қуанып кеткен еді. Бір секундта айырылып қалдым. Әлі де сене алар емеспін», – дейді марқұмның анасы Қарлығаш Сербаева.

Содан бері арада екі апта өткен. Баласын жоқтаған ана жұмыс берушілердің сол күйі кешірім сұрамағанын айтады. Әрі өтемақы да төлемеген екен.

«Ұлым ес білгелі көлік тізгінінде. Машинаны жақсы білгені сонша оны шашып, жинай алады. Өз ісіне өте тиянақты. Сондай ұлымның рөлде отырып қателік жіберетініне сенбеймін. Қателік жұмыс берушілерден кетті деп күдіктенемін. Қанша дегенімен Қытайдың көлігі. Өзі үнемі жөндейтін де жататын», – дейді Қарлығаш Сербаева.

Марқұмның артында мектепте оқитын қос қызы мен қатерлі ісікке шалдыққан әйелі қалды. Жесір атанған келіншектің жаман аурумен күресіп жүргеніне біршама жыл болған. Содан бері пәтер жағалап жүрген отбасы былтыр ғана үй салуды бастаған. Бірақ ол аяқталмағаны күйі қалды.

«Балам Астанада да қоғамдық көлік айдады. Сосын екі жыл бұрын ауылға келіп, карьерге жұмысқа кірді. Үй салуды бастады. Бірақ келіннің ауруы дендегесін құрылыс созылып кетті. Сосын балама бізбен бірге тұруын сұрадық», – дейді марқұмның әкесі Жаңаберген Сербаев.

Марқұмның жақындары жалын сапасы төмен қытайлық жүк көлігінен шыққанын, соның кесірінен жан тапсырған Қуаныштың отбасына өтемақы берілуін талап етеді. Ал жұмыс берушілер сот техникалық және авто-сараптама нәтижесін күтіп отырмыз дейді.

«Қуаныш аға өз ісіне тиянақты кісі болған. Жұмысқа жауапкершлікпен қарайтын. Өте ұқыпты кісі. Жағдайға кімнің кінәлі екенін енді сараптама анықтар. Қалай болғанын білмеймін. Жауап бере алмаймын, сөздің ашығы», – дейді компания басшысы Мақсат Айтқұл.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«Таза Қазақстан»: Алматыда жазғы акция басталды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жосықсыз алимент төлемеушілермен күрестің жаңа тәсілдері

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.