Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиЭкономика

Елімізде АЭС салуға қатысты дайындық жұмыстары басталып кетті.

Елімізде АЭС салуға қатысты дайындық жұмыстары басталып кетті. Қазіргі таңда атом электр станциясын салу үшін технологиялар зерттеліп, зерделеніп жатыр.
Мәселен, Қазақстан өкілдері Оңтүстік Кореяда болған. Вице-министрдің айтуынша, корей тарапы жоба құрылысына қатысуға, сонымен қоса реакторды жеткізетін кез келген компаниямен бірлесе жұмыс істеуге дайын. ҚР Энергетика министрлігінің мәліметіне сәйкес, елімізде АЭС салуға 6 шетелдік компания ниет білдірген. Мамандардың айтуынша, АЭС-ті салуға шамамен 6 жыл уақыт жұмсалады. Алайда ұсынысты қоғамдық талқылаудан өткізуге, қажетті құжаттар дайындауға да уақыт керек. Жалпы бұл процесс 10 жыл мерзімді қамтитын болады. Қорыта келе, мамандар айтқандай, халық арасында энергияның балама көздері, әсіресе АЭС-тің маңызы мен мүмкіндіктері жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет екенін байқап отырмыз
Дарын Абилжанов 

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда Әдебиет академиясы залы ашылды

admin_altyalash

Электронный нос, цифровой гид для незрячих, AI-аватар: исследователи ЕНУ презентовали ИИ проекты на выставке AI Expo

admin_altyalash

Год рабочих профессий: Роль железнодорожников и ценности труда обсудили в Алматы

admin_altyalash