фото:ашықдереккөз
Армения селекция, тұқым шаруашылығы және Қазақстаннан астық жеткізу мәселелері бойынша бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровпен кездесуінде Арменияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Армен Гевондян айтты. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан астық өндіру және экспорттау жөнінен алда келеді. Қазақстан бидайының құрамында глютен мөлшері жоғары. Сол себепті Арменияға тасымалдауды көздеп отырмыз. Осы бағытта қолдау көрсетуіңізді сұраймын. Сонымен қатар фитосанитарлық қауіпсіздік пен ветеринария мәселелері де қызықтырады», – деді Армен Гевондян.
Өз кезегінде Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара саудасын арттырудың үлкен әффлеуетін атап өтті. Оның көлемі 2023 жылдың қорытындысы бойынша 0,8%-ға өсті. Арменияға ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 2,9 млн долларды құрады. Алайда, Ауыл шаруашылығы министрлігі басшысы атап өткендей, ет-ет өнімдері мен күнбағыс майын экспорттау мүмкіндігі толық пайдаланылмай отыр.
Бұл ретте импорт 6,3 млн долларды құрады. Осылайша, өткен жылы армян жеміс шырындарын, минералды және газдалған суды, ашытылған сусындар мен көкөніс консервілерін жеткізу артты.
«Қазақстан тарапы Армениядан жеміс-жидек, көкөністер мен кептірілген өнімдер, шоколад, сүт өнімдерін арттыруға мүдделі. Аграрлық ғылым мен біліге ерекше көңіл бөле отырып, ғылыми кездесулер мен зерттеулер, жалпы ынтымақтастықты нығайтуды ұсынамыз», – деді Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі .
Қос тараптың кездесу соңы дәнді және бұршақ дақылдарының құрғақшылыққа төзімді сорттарының селекциясы мен тұқым шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық және тәжірибе алмасу, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сауда көлемін арттыруға бағытталған бірлескен шаралар қабылдау, тәжірибе алмасу туралы келісімге қол жеткізілді.
Ж.Жұманбаева
altyalash.kz