Павлодар облысында су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа үйлердің кілттері табысталды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Павлодар облысында су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа үйлердің кілттері табысталды

01.07.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999

Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылында су тасқынынан зардап шеккендерге 5 жаңа үйдің кілті табысталды. Жаңа қоныс иелерін облыс әкімі Асайын Байханов құттықтады.

– Үйлері зардап шегіп, апатты деп танылған адамдардың бүгін қоныс тойларын тойлап жатқандарына өте қуаныштымын. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша біз сіздердің ауылдарыңыздағы төтенше жағдайдың салдарын барынша жоюға тырыстық. Қиын кезеңдерде шыдамдылық танытқандарыңыз үшін баршаңызға рахмет, – деді өңір басшысы.

Сондай-ақ, облыс әкімі демеушілік көрсеткен ERG тобы мен «ОАЭК» АҚ, сондай-ақ, 3 айдың ішінде сапалы үйлерді салған жергілікті «Ақтоғай-Агро» ЖШС құрылыс компаниясына алғысын білдірді. Үйлер жаңа әрі биік жерде тұрғызылды.

– ERG Қазақстандағы 30 жыл бойы жұмысында әрдайым елмен бірге болды. Өз шаңырағының болуы кез келген отбасы үшін маңызды, сондықтан, біз жаңа баспанаға қоныстанған отандастарымыздың қуанышын бөліскенімізге қуаныштымыз. Өйткені, біздің компанияның миссиясы – бізге сенім білдіргендердің өркендеуін қамтамасыз ету, – деп атап өтті ERG директорлар кеңесінің мүшесі Шухрат Ибрагимов.

– Барлығыңызға үлкен рахмет. Бізге дәл осы жерде жаңа үй салғанына өте қуаныштымын. Бұрын бұл жерде менің ата-анам тұрған. Біз осында өстік, – деп ауыл тұрғыны Мархабат Сматаев қуанышымен бөлісті.
Көпбалалы отбасылар, «Күміс алқа» белгілерінің иегерлері – Сматаевтар, Баймановтар, Муллин және Дайырбековтардың үйлерін қалпына келтіруге мүмкін болмады.

Барлық жаңа қоныс иелері облыстық мәслихат депутаттарынан, сондай-ақ, облыстың үш қаласының мәслихаттарынан сыйлық ретінде тұрмыстық техникалар (тоңазытқыштар, теледидарлар, кір жуатын машиналар, ас үй плиталары, кондиционерлер және т.б.) алды.

Ақтоғай ауданы тұрғындарының атынан Павлодар облысының Құрметті азаматы, мәдениет саласының ардагері Бейсенбі Мұқажанов мемлекетке көрсеткен көмегі үшін алғыс ретінде арнау айтты.

«Шаңырақ» МСО және И. Байзақов атындағы облыстық филармония әртістері ауыл тұрғындарына жарқын концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Сондай-ақ, спорттық жарыстар да өткізілді.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Министр ҰБТ-дан ең жоғары 140 балл жинаған түлекті құттықтады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алаяқтар министр Аида Балаеваның атын пайдаланып, елді алдауға көшкен

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.