фото:ашықдереккөз
Республикалық референдум – халық үшін маңызды шешім қабылданар тұста қоғамдық жауапкершілікті нығайтатын күш. Елімізде Тәуелсіздік алғалы үш рет референдум өткізілген. Соңғысы 2022 жылдың 5 маусымында өткізілген еді. Реформаны сайлаушылардың басым бөлігі қолдады. Референдумның ресми қорытындысы сайлаушылардың шамамен 77 пайызы Конституцияға өзгерістер енгізуді қолдап дауыс бергенін көрсетті. Дауыс берушілердің шамамен 68 пайызы болды. Бұл референдум елдегі мемлекеттік институттарды нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге бағытталған демократиялық қайта құрулар жолындағы маңызды қадам болды. Референдум туралы заң 1995 жылы 2 қарашада қабылданды. Ал 1999 жылы заңға өзгерістер енді. Астана қаласы осыған дейінгі референдумдардың бәрінде дерлік белсенділік танытқан.
«Астанада референдумға 465 сайлау-учаскесі қатысады. Оның ішінде аумақтық-терреториялы комиссия бар. Астана – Қазақстанның жүрегі. Елорда да саяси маңызды шешімдер қабылданады. Үлкен шешімдер шығарылады. Саяси референдумда елорданың маңыздығы зор. Меніңше, астаналықтар бұл референдумға да белсенді қатысады деп ойлаймын. Былтырғы жылы референдумға Астананың 56 пайыз халқы қатысып, дауыс берген еді» – Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бейсембай Жұмабеков.
Ж.Жұманбаева
altyalash.kz