Бүгінгі өтіп жатқан іс-шараның маңызы зор – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бүгінгі өтіп жатқан іс-шараның маңызы зор

04.07.2024
0
Бүгінгі өтіп жатқан іс-шараның маңызы зор
Қанша уақыт бойы күтіп жүрген ШЫҰ саммиті өтті. Қазақстан ұйымға бір жыл төрағалық етіп, енді міне бүгін соның қорытындысын шығарды. Саммитке әлемнің жер-жерінен мемлекет басшылары мен халықаралық ұйым өкілдері келген екен. Оның үстіне бүгін Беларусь ұйымға мүше атанды. Бастапқыда Шанхай бестігі ретінде құрылған ұйымға Беларусь қосылып, ондыққа айналды.
ℹ️Жалпы, бүгінгі өтіп жатқан іс-шараның маңызы зор. Аталмыш ұйым бір кездері Еуразия аймағындағы ынтымақтастықты нығайту үшін құрылған болатын. Ал қазір әлем терроризм, экстремизм, киберқауіптер пен климаттың өзгеруі сияқты түрлі қауіптердің алдында тұрған кезде, ШЫҰ рөлі күн санап артып келеді.
❗️Сонымен бүгінгі күн Қ. Тоқаевтың қатысумен өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысынан басталды. Отырыста сөз сөйлеген басшымыз бүгінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы достық, тату көршілік, теңқұқықтық пен өзара қолдаудың, яғни «шанхай рухы» негізінде жұмыс істейтін мемлекетаралық қатынастардың тиімді тетігіне айналғанын атап өтті.
Былтырдан бастап ұйымға төрағалық еткен уақыт аралығында түрлі деңгейде 150-ге жуық іс-шара, соның ішінде цифрлық даму, туризм, энергетика, бизнес салаларында форумдар мен ШЫҰ жастар кеңесі өткізілді. Бұл жайлы да Қ. Тоқаев мәлімдеді. Ары қарай өз сөзінде түрлі іс-шаралардың нәтижесінде ШЫҰ кеңістігіндегі сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.
☝️Жалпы, Тоқаев Қазақстан ШЫҰ төрағасы ретінде алдыңғы саммитте айтылған барлық мақсат-міндетті толығымен орындағанын айтты. Сондай-ақ Президент еліміздің бастамаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетіп, белсенді атсалысқаны үшін барлық мемлекетке шынайы ризашылығын білдірді.
Әрине, Президент қауіпсіздік саласындағы өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайтуды бірінші маңызды бағыт екенін де назардан тыс қалдырған жоқ.
«Қазіргі күрделі ахуал – негізінен халықаралық қатынастар жүйесіндегі дағдарыс салдары. Осы ретте халықаралық құқықтың кемшін тұстарын түзеп, геосаяси тұрғыдан жікке бөлінуге жол бермеу мақсатымен, түптеп келгенде, жаһандық ауқымдағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту үшін ШЫҰ өзінің тұрақтандырушы және жасампаздық рөлін күшейтуге тиіс» деп ШЫҰ-ның әлем елдеріндегі тұрақтылыққа ықпал ете алатынына басымдық берген екен.
Отырыста қатысушы елдер үшін ғана емес, жалпы, әлем елдері үшін маңызды тақырыптар қозғалған екен. Осындай аймақтық іс-шаралардың өтуі маңызды, себебі бұл тек басшылардың кездесуі ғана емес, пікір алмасып, маңызды шешімдер қабылданатын алаң.
Казбек Майгельдинов
Нравится

 

Комментировать
Отправить
Поделиться
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

БҰҰ Бас хатшысы Димаш Құдайбергенмен кездесті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«ШАНХАЙ ОНДЫҒЫ»

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.