Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Астанада дрондар шоуы өтеді

Фото: Telegram/Astana news

Астана күніне орай дрондардың жарық шоуы өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігі.

6 шілде кешкі сағат 18:00-де ЭКСПО аумағында Open Air мерекелік концерті өтеді. Концерт аяқталғаннан соң дрондардың жарық шоуы ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр.

Дрондар шоуы шамамен сағат 22:15 (22:30) шамасында өтеді. Шоуда 1250 дрон ұшырылады, оның 70-і – пиротехникалық дрон. Іс-шарада қазақстандық және шетелдік композиторлардың туындылары қойылады.

Шоу демеушілердің қаржысы есебінен ұйымдастырылады.

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін – Дүниежүзілік қан доноры күні

admin_altyalash

«Салтанат» мемлекеттік би ансамблі «Лазги» фестивалінде екінші орын иеленді

admin_altyalash

Жеке куәлікті жеделдетілген тәртіппен алу ақысы төмендейді

admin_altyalash