Елордада Қазақстан мәдениетінің апталығы өтіп жатыр – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Тамыз 7, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елордада Қазақстан мәдениетінің апталығы өтіп жатыр

05.07.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: Сарыарқа ауданының баспасөз қызметі

 – Астанада 2-8 шілде аралығында Қазақстан мәдениет апталығы жоспарланған. Апталықтың ерекшелігі сол, әр күні жиналғандарға қазақ мәдениетінің түрлі аспектілері ұсынылмақ.

Орталық жағалаудағы Арбат алаңында ұйымдастырылып жатқан апталықтың алғашқы күнінде көркем және мультипликациялық фильмдер, соның ішінде отандық кинематографтың «Менің атым – Қожа» және басқа да шығармалары көрсетілді. Қазақстандық кино өнерін бағалайтын кәрі мен жас көптеп жиналып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты. Кеш соңында «Жошы» этно-ансамблінің лекция-концерті өткенін де атап өткен жөн.

Астана
Фото: Сарыарқа ауданының баспасөз қызметі

Айтпақшы, киіз үй тігіліп, оның ішінде ұлттық киім мен өнер көрмесі өтіп, келушілер ата-бабамыздың байырғы өміріне оралғандай әсер алды. Бұл көрме апта бойы жалғасады.

Апталықтың екінші күні ұлттық спорт түрлеріне арналды. Қала қонақтары мен тұрғындары асық ату, гір көтеру, арқан тартыс және қол күрес сияқты ұлттық ойындарға қатысып, бақтарын сынады. Этноауыл атмосферасын қалыптастыру үшін іс-шараға тазы мен бүркіт әкелінген.

Елордада Қазақстан мәдениетінің апталығы өтіп жатыр
Фото: Сарыарқа ауданының баспасөз қызметі

Апталықтың үшінші күні ұлттық киімге арналды. Қонақтарға «Асыл-Дизайн» сән үйінің бас дизайнері, ғылым кандидаты және өнертану доценті Айдархан Қалиевтің ұлттық киімдер коллекциясы ұсынылды. Іс-шара «Наз» би театрының өнер көрсетуімен жалғасты. Сондай-ақ тұрғындар арасында ұлттық дәстүрге қатысты викторинарлық ойындар ұйымдастырылды. Кейін су үстіндегі сахнада елордалық жас әртістер танымал әндерді орындап, жиналғандарға ұмытылмас көңіл-күй сыйлады.

Астана
Фото: Сарыарқа ауданының баспасөз қызметі

«Астана күнін тойлау кең көлемде басталып кетті. Қазақстан мәдениет апталығын өткізу идеясы қала тұрғындары мен қонақтары тарапынан қолдау тапқанын атап өткен жөн. Орталық жағалауға демалуға келген тұрғындар мерекелік аураны сезініп, ұлттық рухтары асқақтай түскенін жарыса айтып жатыр. Мұндай игі шара алдағы уақытта да жалғасын табады», – деді Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы Балмира Берікқызы.

Қала тұрғыны Тәттімбет Баймағамбетов күн сайын орталық жағалаудан тамаша әсер алатынын жасырмады.

«Ұлттық дәстүрді орталық жағалауда тамашалаған бөлек. Ұйымдастырушыларға мың алғыс», – деді ол.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қаржы пирамидасын басқарған әйел Армениядан экстрадицияланды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Астанада дрондар шоуы өтеді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.