ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ЖЫЛЫЖАЙ САЛЫНАДЫ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Қыркүйек 10, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ЖЫЛЫЖАЙ САЛЫНАДЫ

08.07.2024
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ЖЫЛЫЖАЙ САЛЫНАДЫ

фото:ашықдереккөз

Ауыл шаруашылығы саласында жетекші аймақтардың бірі Түркістан облысында 240 мың тонна көкөніс өсіретін жылыжай кешені салынбақ. Бұл ақпарат Үкімет басшысы Олжас Бектенов пен ресейлік «ЭКО-мәдениет» агроөнеркәсіптік холдингінің басшысы Александр Рудаковпен келіссөздер барысында белгілі болды.

Аталған компания 13 жылдан бері ауыл шаруашылығы саласында көптеген жетістіктерге жетіп, экологиялық таза өнім өндірумен айналысып келеді. Ірі агроөнеркәсіптік кешен ретінде бір жылдың ішінде 300 мың тоннадан астам өнім өндірген. Бұл өз кезегінде баға тұрақтылығы мен реттеуге қосқан үлес болып есептеледі. Қазақстан үшін де пайдалы әрі тәжірибелі холдингпен іскерлік қарым-қатынаста болу аса маңызды.

Жылыжай кешенінің құрылысы Түркістан облысының Келес ауданында жүргізіліп жатыр. Бүгінде 28 мың тонна қызанақ өндіруге тиіс аймақта салынп жатыр. Кездесуде жылыжай кешенін 500 гектарға кеңейту мәселесі де қозғалды. Осылайша жыл сайынғы өнім көлемі 240 мың тоннадан асады деп жоспарланып отыр. Өнім алдымен ішкі нарықты қамтамасыз етуге жіберіледі. Содан соң логистикалық мәселелер шешіліп, экспорттауға да мүмкіндік берілмек. Жылыжай құрылысының бірінші кезеңі келер жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануде. Холдинг басшысы Александр Рудаковтың айтуынша, бұл жылыжай іске асыру қорытындысы бойынша әлемдегі ең ірі жылыжайға айналмақ. Жұмыс орындары да ашылады. Жалпы саны 7 мың адамға жұмыс беріледі. Сол арқылы жергілікті тұрғындарға еңбек жағдайы жасалып, әлеуметтік мәселелер шешілмек.

Осы орайда, Үкімет басшысы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың алғышарттарына да тоқталды.

«Азық – түлік қауіпсіздігі, халқымызды сапалы әрі қолжетімді бағада өнімдермен қамтамасыз ету – негізгі мақсатымыз. Бұл Үкімет жұмысының негізгі басымдықтарының бірі. Демографиялық көрсеткіштерге мән бере отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін молайтуға ерекше көңіл бөлуіміз қажет. Статистика тұрақты түрде артып жатыр. Нарықты толық қамтамасыз ете отырып, өнімімізді экспорттауға да мүмкіндіктеріміз бар. Ауыл шаруашылығы бағытына ерекше көңіл бөле отырып, жаңа деңгейге шығаруымыз керек. Осы салаға инвесторларды көптеп тартуға мүдделіміз. Ауқымды жобалар жасау мен қолдау көрсетуге әрқашан дайынбыз», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Ж.Жұманбаева

altyalash.kz

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Елордада кітап фестивалі өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ҚЫТАЙ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОЙ, СИЫР, ШОШҚА ЕТІН ИМПОРТТАУҒА МҮДДЕЛІ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.