Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовости

500 шетелдік жұмысшы қажет — Көлік министрі Премьер-министрден көмек сұрады

Фото: primeminister.kz

 –Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев Премьер-министр Олжас Бектеновтен көмек сұрады.

Әңгіме жол құрылыс жобаларына шетелдік жұмысшылар тарту және қажетті жер телімдерін рәсімдеу туралы болып отыр.

«Құрметті Олжас Абайұлы, осы жобаларды іске асыру барысында 2 мәселе туындауда. Олардың бірі, Қарағанды, Абай, Жамбыл, Ақтөбе және Атырау облыстарында орналасқан жобаларға шетелдік жұмыс күшін тартуға 500 квота мөлшерінде жетіспеушілік байқалады», — деді министр.

Сондай-ақ, Үкімет басшысынан жол жобаларына қажетті жер телімдерін рәсімдеуге де Премьер-министрдің көмегі керек екенін айтты.

«Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының әкімдіктерінде кейбір жер учаскелерін сатып алу рәсімі ұзаққа созылып кетті. Аталған мәселелер бойынша тиісті атқарушы органдарға тапсырма беруіңізді сұраймын», — деді Марат Қарабаев.

Ұқсас жаңалықтар

Ключевые положения проекта новой Конституции обсудило экспертное сообщество

admin_altyalash

Экономика, которая становится ближе к людям

admin_altyalash

Российские АЗС обвинили в махинациях и торговле разбавленным бензином

admin_altyalash