Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиСпорт

«Абсолютті чемпион атану үшін бәрін жасаймын» – Жәнібек Әлімханұлы

WBO және IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы басты мақсаты – төрт тұжырым бойынша чемпион атанып, тарихта қалғысы келетінін жеткізді. Бұл туралы Sports.kz жазды.

«Төрт титулға ие болу және абсолютті чемпион атану үшін бәрін жасауға дайынмын. Біз дүниежүзіне танымал болу үшін аянбай еңбектеніп, қолымыздан келгеннің бәрін істейміз. Бұл дәрежеге жету жолында кілең мықтылармен, танымал боксшылармен жекпе-жек өткізуім керек. Алдағы уақытта Канело Альварес, Давид Бенавидес сынды жұлдыздармен жұдырықтасуды жоспарлап отырмыз», — деді Әлімханұлы Boxingscene.com сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 14 шілде күні таңертең Лас-Вегас қаласында шаршы алаңға шығып, жаңазеландиялық боксшы Андрей Михайловичпен жекпе-жек өткізеді.

Ұқсас жаңалықтар

Новая система стимулирования медработников ПМСП направлена на профилактику хронических заболеваний

admin_altyalash

21 мая — День работников культуры и искусства

admin_altyalash

Каждый из нас может повлиять на судьбу своей страны – лидер Движения Жаңа адамдар о новой Конституции

admin_altyalash