Ауыл шаруашылығы министрлігі «Етті ветеринариялық-санитариялық сараптау» модулін әзірледі. Ол ауыл шаруашылығы жануарларын тексеріссіз союға жол бермей, алдымен ветеринариялық тексеруді және союдан кейінгі ветеринариялық-санитариялық сараптаманы өткізіп береді,
Жүйе малды сою және ішкі сауда орындарында ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткеннен кейін сараптама актісін берудің бизнес-процестерін автоматтандырады. Сондай-ақ жануардың толық өмірлік циклі туралы ақпараты бар QR-кодты қалыптастырады.
Бұл QR ет сату орындарында орналастырылады. Ол малды ветеринарлық тексерусіз және ұшалар мен ағзаларды сараптамасыз союдың алдын алуға мүмкіндік береді, – деп жазылған министрлік хабарламасында.
Министрлік мәліметінше, жоба іске қосылып, барлық облыс пен республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істеп жатыр. Оған 1 664 мал сою орны, ветеринарлық-санитарлық сараптама зертханалары, сауда орындары қосылған. Жүйеде 1 470-тен астам ветеринар, ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасының қызметкері және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар тіркелген.
QR-код арқылы қазірдің өзінде 117 мыңнан астам ветеринариялық анықтама бланкісі мен 438 мың сараптама қорытындысы шығарылған.
Жүйе Ресеймен шекаралас Шарбақты ветеринарлық бақылау пунктінде сынақтан сәтті өткен.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.