Қазақстан оқушылары биологиядан халықаралық олимпиадада жоғары нәтиже көрсетті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Білім

Қазақстан оқушылары биологиядан халықаралық олимпиадада жоғары нәтиже көрсетті

14.07.2024
0
Қазақстан оқушылары биологиядан халықаралық олимпиадада жоғары нәтиже көрсетті
фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстандық құрама IBO-2024 олимпиадасында 100% нәтиже көрсетті,

Астанада биологиядан оқушылар арасындағы ең беделді халықаралық олимпиада IBO-2024 өз мәресіне жетті. Бірінші рет IBO осыдан 34 жыл бұрын алты елдің қатысуымен өткен болатын. Биылғы жылы Қазақстанда өткен олимпиадаға 81 мемлекеттен командалар жиналды. Бүгін олимпиаданың ресми жабылу салтанаты өтті, деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрлігі.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев барлық қатысушыға және халықаралық ұйымдастыру комитетіне алғысын білдірді. Ол олимпиаданың жалпы білім саласының дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

IBO-2024 – білімнің бәсекелестік алаңы ғана емес, ол ғылым саласында мемлекеттердің достығы мен ынтымақтастығын тереңдетуге ықпал ететін халықаралық маңызды шара. Қазақстанда өткізген әрбір күн сіздерге жарқын естелік сыйлап, алдағы уақытта ғылымның жаңа биік белестерін бағындыруға шабыт береді деп ойлаймын. Болашақта сіздер орасан зор ғылыми жаңалықтар ашып, әлемнің ұлы ғалымдарының даңқты жолын жалғастырасыздар деп сенемін, – деді Ғани Бейсембаев.

Атап өту керек, олимпиада қорытындысы бойынша Халықаралық комитеттің инпекторлары мен әділ қазылар IBO-2024 олимпиадасының ұйымдастырылуына жоғары баға берді. Сондай-ақ қазақстандық жас ғалымдар әзірлеген олимпиада тапсырмаларының өзектілігі мен өзгешелігін атап көрсетті. Бұл олимпиаданы өткізу үшін тынбай еңбек еткен ұйымдастыру комитеті үшін жоғары марапат болды.

Еліміздің құрамасы 100% медаль көрсеткішіне қол жеткізді. Олар 4 қола медаль қанжығалады:

  • Ғалымжан Бақтыбай – Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
  • Амина Тынырбай – Қызылорда облысы №10 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
  • Нұртөре Төреханұлы – Шығыс Қазақстан облысы дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы;
  • Диас Сүлейменов – Ақтөбе облысы «Білім- Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы.

Қазақстан командасының жетекшілері: Бауыржан Смайлов – биотехнология магистрі, IBO-2007 олимпиадасының күміс жүлдегері; Ернар Батыржанов – Ульсан ғылым және технология ұлттық институтының студенті (UNIST, Корея), биологиядан халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы.

International Biology Olympiad – оқушылар арасындағы ең мықты 7 олимпиаданың бірі.

Олимпиада күндері Қазақстан 81 елден келген 305 жас биолог пен 275 ғалымның тәжірибе алмасу алаңына айналды. Бір апта бойы қатысушылар биохимия, молекулярлық биология, биоинформатика және жан-жануарлардың анатомиясы мен физиологиясы бойынша екі теориялық, төрт практикалық турда сынға түсті. Барлық тапсырманы Қазақстанның жас биологтары әзірледі. Қатысушылар мен қонақтар сондай-ақ елорданың көрікті жерлерін аралады. Бурабайда «Көшпенділер әлемі» этно ауылында болып, қазақ халқының салт-дәстүрімен, мәдениетімен танысты.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Жошы ұлысы кезінде бейбітшілік орнап, халық руханияты өсті – ғалым

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Шымкенттің экс-әкімінің бауыры уақытша ұстау изоляторына қамалды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.