“Міндетті емес”. Полиция жүргізушілерге жасалған үндеуді түсіндірді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

“Міндетті емес”. Полиция жүргізушілерге жасалған үндеуді түсіндірді

15.07.2024
0
“Міндетті емес”. Полиция жүргізушілерге жасалған үндеуді түсіндірді
Фото ©️ Тұрар Қазанғапов

Әкімшілік полиция комитеті Tengrinews.kz тілшісінің қызметкер жүргізушілерге қандай құжат көрсетуі керек деген сауалына жауап берді.

10 шілдеде ІІМ полиция қызметкері жүргізушілерге жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатқанын растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті емес екенін айтып, үндеу жасады. Сондай-ақ, ведомство полицейдің заңды талаптарын орындамау және оның қызметіне араласу 110 760 теңгеге дейінгі айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатынын атап өтті.
Полиция қызметкері жүргізушіні тоқтатқанда не істеуі керек?

Талаптар “Жол қозғалысы туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 52-бабында нақты регламенттелген. Баптың 3 тармағына сәйкес көлік құралы тоқтатылған жағдайда ішкі істер органдарының қызметкері келесі әрекеттерді дәйекті түрде орындауға міндетті:

  • дереу тоқтаған көлік құралына жақындау;
  • өзін таныстыру және жүргізушінің талабы бойынша танысу және тегі мен лауазымын білу үшін қызметтік куәлікті көрсету;
  • көлік құралын тоқтату себебін түсіндіру;
  • егер көлік құралы жүргізушісінің осы Заңның және (немесе) жол жүрісі қағидаларының талаптарын бұзуы сертификатталған арнайы техникалық құралдар және аспаптармен тіркелген жағдайда, жүргізушіге танысу үшін тиісті материалдарды көрсету.

Полиция қызметкерінің жедел-профилактикалық іс-шара жүріп жатқаны туралы құжаттарды көрсетуден бас тартуы Конституцияның 18-бабына қайшы келмей ме?

Конституцияның 18-бабына сәйкес, “Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті”.

Бұл жағдайда Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабының талаптары бұзылмайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабы 1-тармағына сәйкес, “Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін”.

Яғни, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары заңдармен шектелуі мүмкін. “Жол қозғалысы туралы” Заңға сәйкес жедел-профилактикалық іс-шара жүріп жатқаны туралы құжаттарды ұсыну қарастырылмаған.

Егер жүргізуші өзін заңға сәйкес тоқтатқанына күмәнданса, не істеу керек?

Көлік құралын тоқтатудың заңдылығына күмәнданған жағдайда жүргізуші қызметкердің іс-әрекетіне жоғары тұрған лауазымды адамға шағымдануға не 102 бірыңғай арнаға қоңырау шалуға және жүргізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шара туралы нақтылауға құқылы.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Елімізде жаңа комитет құрылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстан Азия-Тынық мұхиты министрлік конференциясын ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.