Қызылорда облысында Нартай Бекежановтың сырнайы табылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 30, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Қызылорда облысында Нартай Бекежановтың сырнайы табылды

15.07.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото ашық көздерден

 — Қызылорда облысында белгілі өнер майталманы Нартай Бекежановтың сырнайы табылды.

Нартай Бекежанов 1890 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген.

1954 жылы Алматы қаласында өмірден өткен.

Ақын халық әндерін шебер орындаумен қатар өзі де әндер («Толқын», «Нартай сазы», «Өсиет терме») шығарды.

Жергілікті өңірде өнер мен мәдениетті дамыту жолында ауқымды еңбек атқарды.

Құнды жәдігер Шиелі ауданы «Төңкеріс» ауылының тұрғыны Бегайым Сейітжанованың сандығында сақталған.

Ауыл тұрғыны Ілесбек қарияның айтуынша, анасы Бегайым әнге бейім, сөзге шешен болған.

1943 жылы 6-7 сынып оқып жүрген кезінде Алматыдан Роза Бағланова келіп, концерт қояды. Сол кеште мектеп оқушылары да ән айтыпты.

Жас таланттың дара дауысын ерекше бағалаған әнші оған өзімен бірге алып кетуге ұсыныс жасайды. Бірақ, қарт әкесі жалғыз қызын жібермепті.

«Анамыз Нартай Бекежановтың қарындасы болып келеді. Бала күнімізде үйде бір аспап тұратын. Оны ақ матамен орап, сандығына салып қоятын. Содан неше жылдай сақтаулы жатты. Нартай бұл сырнайымен 1936 жылы Мәскеудегі қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде ән айтқан. Бұған 1990 жылы „Жазушы“ баспасынан жарық көрген „Аманат“ кітабындағы сурет дәлел», — дейді Ілесбек ағамыз.

Қазір құнды жәдігер Нартай ән мектебінің жарқын өкілі Дәулетхан Ізбасқанға табысталған.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Шымкенттің экс-әкімінің бауыры уақытша ұстау изоляторына қамалды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Испания төртінші рет Еуропа чемпионы атанды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.