Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарҚоғам

Жастар және жасанды интеллект: «KYZYLORDA mobfest» өтті

Фото: KYZYLORDA mobfest

«KYZYLORDA mobfest» облыстық мобилографтар байқауы болып өтті. Заманауи цифрлық трендті дәріптеген бұл байқау Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы аясында ұйымдастырылды.

Қатысушылар жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, креативті бейнероликтер ұсынды. Қаламыздың бүгінгі келбеті мен болашақтағы даму бағытын шығармашылық тұрғыда бейнелеген жұмыстар қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде Қармақшы ауданы ауылдық клубының қызметкері Орынбек Құндыбековке, І орын Жаңақорған ауданы, Екпінді ауылы №166 орта мектебінің мұғалімі Ізбасар Әбдібековке бұйырса, ІІ орынды Арал ауданы №220 орта мектебінің оқушысы Бексұлтан Әбдуәли иеленді. Жүлделі ІІІ орын Қазалы көлік-техникалық колледжі студенті Арыстан Мұсағали мен «Болашақ» университетінің студенті Еркебұлан Қалдыбекке берілді. Сондай-ақ байқауға қатысып, белсенділік танытқан И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжі студенттері Досымжан Төлеш, Нұрбол Бекбаевтар Алғыс хатпен марапатталды.

Аталмыш байқау жастардың шығармашылық әлеуетін шыңдап, цифрлық технологияны тиімді қолданудың жарқын үлгісін көрсетті. Қатысушылардың тың идеялары мен заманауи көзқарастары өңіріміздің цифрлық даму жолындағы нық қадамын айқындап берді.

Ұқсас жаңалықтар

Қатысушылар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды

admin_altyalash

12 жасқа дейінгі балаларды ата-ана келісімімен вакциналауға бола ма – Министрлік жауабы

admin_altyalash

Т.СҰЛТАНҒАЗИЕВ ШЫМКЕНТ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

admin_altyalash