Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Облыс әкіміне өңірде жылыжай кешенін салу жобасы таныстырылды

25 ақпан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай «Alatau Green Production» ЖШС құрылтайшыларымен кездесті. Басқосу барысында өңір аумағында заманауи жылыжай кешенін салу жобасы жан-жақты талқыланды.

Жоба аясында жалпы аумағы 6 гектарды құрайтын жылыжай кешенін іске қосу жоспарланып отыр. Онда қызанақ, қияр, бұрыш, баклажан, редис және салат жапырағы секілді көкөніс түрлерін өсіру көзделген. Сонымен қатар ұзақ мерзімге арналған көкөніс сақтау қоймасы мен жемістерді қысқа мерзімде сақтауға мүмкіндік беретін арнайы қойма салу қарастырылған.

Бастаманың негізгі мақсаты – өңір тұрғындарын жыл бойы сапалы әрі жаңа піскен өніммен тұрақты қамтамасыз ету. Жергілікті өндірісті дамыту арқылы логистикалық шығындарды қысқарту, соның нәтижесінде азық-түлік бағасын тұрақтандыру және қолжетімділігін арттыру көзделеді.

Кездесу барысында облыс әкімі жобаның аймақ үшін стратегиялық маңызын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай инвестициялық бастамалар өңір экономикасын әртараптандыруға, импортқа тәуелділікті азайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға серпін береді.

– Жобаға заң аясында тиісті қолдау көрсетуге дайынбыз. Бұл өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде жобаны сапалы әрі тиімді жүзеге асыруға толық мүмкіндік бар, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Ұқсас жаңалықтар

Ақтөбе облысында медициналық мекемелердің құрылысына 1,4 млрд теңге бөлінді

admin_altyalash

«Абай салбұрыны – 2025»: елордалық құсбегілер республикалық турнирде жоғары нәтиже көрсетті

admin_altyalash

Футболдан Қазақстан кубогының ширек финалы қашан басталады

admin_altyalash