Қазақстандықтар жақын арада коммерциялық банктерде де баспана алу үшін ақша жинау мүмкіндігіне ие болады,- деп хабарлайды altyalash.kz сайты naryk.kz-ке сілтеме жасап.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл бастаманың кейбір мәліметтерін бөлісті.
Қаржы реттеушісінің өкілдері қазір мемлекеттік органдармен және банктермен бірлесіп түзетулер әзірленгенін хабарлады. Бұл өзгерістер жұмыс істеп тұрған коммерциялық банктерде тұрғын үй және құрылыс жинақтары үшін шот ашуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ агенттік бұл мүмкіндік қаражатты тарту, жылжымайтын мүлік сатып алуға несие беру, сондай-ақ осы қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау және қамтамасыз ету шарттарын ескере отырып берілетінін атап өтті.