Олжас Бектенов БҚО Қоржын ауылында болды: үй салуға тартылған құрылысшылар саны 30%-ға артты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Олжас Бектенов БҚО Қоржын ауылында болды: үй салуға тартылған құрылысшылар саны 30%-ға артты

22.07.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан зардап шеккен, шалғайда орналасқан Қаратөбе ауданы Қоржын ауылына барды. 

Мұнда қираған үйлердің орнына бір пәтерлі 90 тұрғын үй салынып жатыр. Іргетас құрылысы бойынша жұмыс толығымен аяқталған. Бүгінгі таңда 34 үйдің қабырғасы тұрғызылып, 56 үйдің төбесі жабылып жатыр. Нысандардың жалпы дайындығы 50%-ға жетеді.

Бұған дейін Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша учаскеде жұмыс істейтіндердің саны 30%-ға артқан болатын. Қазіргі уақытта нысандарда 288 адам жұмыс істейді. Жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде.

Олжас Бектенов салынып жатқан құрылыстардың сапасына ерекше назар аударды.

Қоржын ауылында 6 мердігер ұйым жұмыс істейді. Құрылыс-монтаждау және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде бекітілген құрылыс нормаларының талаптары бұзылған жағдайда құрылыс компаниялары жауапкершілікке тартылатыны атап өтілді.

Жобаға сәйкес үйлерде қалыңдығы 400 мм таспалы іргетас қарастырылған, іргетастың түбінен биіктігі 1500 мм болады. Қабырғаларды тұрғызуға қапталған силикатты қызыл кірпіш, керамзитті блок, минералмақта плитасы қолданылуда. Сондай-ақ жобада инженерлік желілерді жүргізу көзделген.

Премьер-Министр құрылыс-жөндеу жұмысы барысында отандық өндіріс материалдарын пайдаланудың маңызын атап өтті.

Әлеуметтік инфрақұрылымға келсек: ауылда қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан 400 орынға арналған мектеп бар. Сонымен қатар жаңа үйлердің болашақ тұрғындары үшін балалар алаңы салынады.

«Жұмыста кемшіліктер болмауы керек. Мемлекет басшысы үйлердің тиісті сапасын қамтамасыз етуді тапсырды. Тұрғын үйлерді барлық инженерлік желілерге бірден қосу қажет. Бұл ретте жол инфрақұрылымы мен әлеуметтік нысандарды тезірек қалпына келтіруді қамтамасыз ету маңызды. Ауруханалар, мектептер мен балабақшалар сапа мен техникалық жарақтандырудың заманауи талаптарын ескере отырып салынуы керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Жауапты министрліктер мен әкімдікке бірқатар тапсырма берілді.

Анықтама: Батыс Қазақстан облысында 775 үйдің құрылысы басталды, 2 248-і қайталама нарықтан сатып алынады, 1 383 нысан жөнделеді. Үйлер мен саяжайларды жөндеу жұмыстары 82,3%-ға аяқталды. Үй салу үшін 59 мердігер ұйым анықталды. Орал қаласында 374 нысан және ауылдық жерлерде тағы 401 үй салынып жатыр. Жалпы дайындық 66% құрайды. 

Су тасқынынан 12 әлеуметтік мекеме, 53 көлік инфрақұрылымы объектісі, 43 гидротехникалық құрылым зардап шекті — барлығы бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Өңірлік комиссия су тасқынынан зардап шеккендерге төлемдер беру жұмысын аяқтады. Мәселен, 9 994 отбасы 100 АЕК көлемінде өтемақы алды (3,7 млрд теңге), 10 222 өтініш берушіге 150 АЕК-ке дейін (3,7 млрд теңге) берілді, суға кеткен мал үшін 151 млн теңге дейін төленді. Бизнеске келтірілген залалды өтеу жұмыстары 35%-ға орындалды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

29 шілдеде «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бағалы қағаздар нарығындағы манипуляция жасағаны үшін жеке тұлға жауаптылыққа тартылды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.