Тарихтан сыр шерткен жәдігерлер – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

Тарихтан сыр шерткен жәдігерлер

23.07.2024
0
Тарихтан сыр шерткен жәдігерлер

Notice: Trying to get property 'child' of non-object in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/ContentTag.php on line 45
Тарихы ғасырларға тарт­қан Сарыарқаның сайын да­ла­­­­­­сынан мыңдаған көне жә­дігер табылу­да. Жақында Қа­ра­ғанды архео­лог­тары сақ дәуіріндегі құнды қазанды тауып алды. Бір қызы­ғы, қа­зан бөлек кө­мілген.
Археологтар Шет ауданындағы Талды тарихи-археологиялық паркінің аумағындағы қорғандардың бірін қазу кезінде біздің заманымызға дейінгі 2,5 мың жыл бұрынғы дәуірге жататын бірегей жәдігер тапқан болатын. Олар іші ат әбзелдеріне толған қазанды зерттеу көптеген құнды мәлімет беретініне сенімді. Иілген үш аяқты, мыстан құйылған жәдігер – Орталық Қазақстан өңірінен табылған алғашқы қазан. Ол хан ордасынан 200 метр қашықтықта, қорғандардың ішінде емес, бөлек көмілген екен.
Мұндай қазандар көбіне Жетісу өңірінен табылатын. Археологтардың айтуынша, бұл – сақ дәуірінде орталық пен оңтүстік елі арасында тығыз байланыс болғанының дәлелі. Енді оның сыртындағы күйеден де ақпарат алу қажет. Толық зерттеу үшін қазан радиокөміртекті анализ жасайтын Польша, Литва, Ирландия, Румыния, Венгрияға жіберілуі мүмкін.

– Қазіргі ғылым талаптары жоғары ғой. Бірден бәрін жұлып алмай, рентгенге түсірдік, КТА-дан өткіздік. Зерттеу кейінгі технологияны пайдаланып жүргізіледі. Мұның ішінен біраз құнды қызық дүние табылады деп есептейміз, –  дейді «Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы» КММ директоры Түлкібай Төлеуов.

Айта кетсек, Талды қазанының салмағы – 25 келі, диаметрі – 41 сантиметр, биіктігі – 34 сантиметр. Бұл Талды саябағынан табылған жалғыз олжа емес. Басқа обадан пышақтар, қанжарлар, тас жебелердің ұштары және басқа да ежелгі тұрмыстық заттар табылып отыр.

Қазба жұмыстарына қарағандылық ғалымдар мен Е.Бөкетов атындағы ҚарУ 120-дан астам студенті қатысады. Темір қанжар және рәсімдерге арналған ыдыс –  археологтардың тағы бір олжасы.

Байқасқа қорымында үш қорған зерттелді. Тарихшылар бұл қорғандар белгілі бір ережемен салынғанын анықтады. Бұл – бірнеше мың жыл бойы қорғандардың пішінін сақтауға мүмкіндік беретін белгілі бір құрылыс әдістері. Темір қанжар да осы жерден табылды.

– Бұл өте қызықты, өйткені темір топырақта қалып қойса, нашар сақталады. Бұл жерде жағдай оңтайлы болған сияқты. Бұл қанжар – скиф-сақ триадасына кіретін пышақ қаруы. Біздің дәуірімізге дейінгі III–II ғасырлардағы қанжар, сақ дәуірінен ғұн-сармат кезеңіне өту уақытына жатады. Акинактың ыңғайлы тұтқасы, түзу крест, қисық шыңы және қан ағызатын ойығы бар, –  дейді «Археологиялық зерттеулер» ЖШС директоры Ерлан Әміров.

Қорғандарды зерттеу арқылы ғалымдар ежелгі жерлеу рәсімдерін қадағалай алады. Ерлан Әміровтың айтуынша, табылған заттар әлеуметтік стратификацияны да көрсетеді. Шағын, орта және үлкен қорғандар табылды. Олардың биіктігі қайтыс болған адамның материалдық байлығын немесе әлеуметтік мәртебесін білдіреді деп болжануда.

Сондай-ақ салттық мақсаттарға қажетті керамикалық ыдыс табылды. Мұндай қорытынды оның орналасуына байланысты жасалады. Ыдыс бетіне орнатылып, оның үстіне қорған тұрғызылған.

Археологтар Ақкезен қорымында жалғасы бар қорымды зерттеуді жалғастыруда. Бұл құрылым бас қорғаннан және шығысқа қарай екі доғалы тастан жасалған екі серіктес қорғаннан тұрады. Олар кішкентай тас үйінділермен аяқталады.

Ғалымдардың бірнеше ұрпағы бұл құрылымдарды кім, не үшін және қашан салғаны туралы құпияны ашу үшін зерттеу жүргізуде. Бұл Орталық Қазақстан аумағында өмір сүрген белгілі бір халық деген негізгі пікір бар. Оларда жерлеу үйінділерін ескілеріне бекіту дәстүрі болғанға ұқсайды.

– Талдыда ғұн – сармат дәуірінің ескерткіштері (б.з.д. III ғасырдан б.з.д. III ғасырға дейін) ежелгі сақ қорғандарына байланған деп есептейміз, – дейді Еран Әміров. – Біз бұл гипотезаны қазба жұмыстары барысында жүйелі түрде растаймыз. Қосалқы қорғандарда жерлеу сирек кездеседі. Біз қола қазандық пен темір найза ұшын таптық.

Талды саябағында қазба жұмыстары жалғасуда. Тарихи ескерткіштерге бай Қарағанды даласы ғалымдармен тағы қандай құпияларды бөлісетінін кім біледі.

 

Қарағанды облысы,

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Бектенов облыс әкімдеріне ауылдағы медициналық нысандардың құрылысын ширатуды тапсырды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Париж көшелеріне қазақ боксшыларының фотосуреті ілінді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.