фото:ашықдереккөз
Аспан асты елі Қытайға ет және тірі мал жеткізу бойынша жалпы құны 75 миллион долларды құрайтын үш келісімшартқа Meat Processing and Service, Agro Silk Way және Astana Agroproduct компаниялары қол қойды. Қол қою Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінде Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Қытайдың CITIC Construction және Beijing Capital Agro компаниялары басшылығының кездесуінің қорытындысы бойынша өтті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы 2024 жылдың ақпанында Қытай Қазақстанның оңтүстік-шығыс облыстарынан ет өнімдерін әкелуге шектеуді алып тастағанын, ал маусым айында ірі қара етінің бірінші партиясы экспортқа шығарылғанын атап өтті. Сондай-ақ, Қытай Халық Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Бас кеден басқармасы ірі қара малды экспорттау кезінде ветеринариялық талаптарды үйлестіру туралы хаттамаға қол қойды.
«Сыртқа шығарылатын өнім саны бойынша кешенді шаралар жүргізіліп келеді. Бұл шараларға ауыл шаруашылығы саласы бойынша 10 түрі бойынша жүргізіліп келеді. Жалпы алғанда бұл бағытта екі жақты ынтымақтастық құжатына қол қойылды. Сонымен бірге майлы дақылдар мен мал шаруашылығы бағытын қамтитын жобалар жүзеге асырылып келеді» – деді Айдарбек Сапаров
Жалпы алғанда қытайлық компаниялардың басшылары ірі қара мал етін сатып алу бойынша қызығушылық танытып отыр. Бұл дегеніміз ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыруға оңтайлы жолдар қарастырылып жатыр. Мәселен, Beijing Capital Agro компаниясы 2030 жылға дейін ет бағытындағы жобаларға инвестиция құюды жоспарлап отыр. Бұл жоба аясында 600 миллион доллардан астам қаржы қарастырылуда. Онымен қоса 3500-ден астам жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Статистикаға сүйенсек, былтыр Қазақстан мен Қытай арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 1,3 млрд долларды құраған. Демек алдыңғы жылмен салыстырғанда 67 пайызға көп. Жалпы алғанда, Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау көлемі екі есеге өсіп, 1 миллиард долларға жетті.
«Экспорттың негізгі көлемі дәнді дақылдар мен майлы дақылдарға, түрлі майларға тиесілі екені анық. Алайда еліміз ауыл шаруашылығы саласындағы басқа да бағыттар бойынша экспорт әлеуетін арттырмақ», – деп атап өтті жиында Айдарбек Сапаров.
Сарапшы Олжас Бейсенбаевтың пікірінше, Қытай – ауыл шаруашылығы әлемдегі дамыған елдердің бірі. Ал Қазақстанның өнімдеріне көршілес елдің сұарнысы жоғары.
«Шыны керек, көршіміз Қытайдың біздің ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранысы өте жоғары екенін айтқым келеді. Біз Қытайды етпен, астықпен қамтамасыз ете алмасымыз анық. Дегенмен Бірақ өз әлеуетімізді жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Сонымен қатар дәнді дақылдарға, астық өнімдеріне, салқындатылған сиыр етіне, шошқа және құс етін көптеп экспорттай аламыз. Басты мақсатымыз – табиғи өнімдерді жеткізу» – деді ол.
Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан – Еуропа пен Азия арасын байланыстырушы ел. Мемлекеттің мүмкіндіктері жыл өткен сайын артып келеді. Әсіресе, Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда-саттық жыл сайын артып, нығая түсетініне сенімді. Басқа сарапшылар да осындай пікірде. Атап айтқанда, сапар барысында да талқыланған Транскаспий бағыты екі ел үшін шешуші рөл атқаратынын атап өтті. Сондықтан Транскаспий жолы екі ел үшін өте
маңызды деп айта аламыз. Аспан империясы бұл дәлізге инвестиция құйса, бұл Қазақстан үшін тиімді келісім болады деп есептейді сарапшылар.
«Қазақстан транзиттік ел және «транзиттен түсетін ақшаны көбейтуге» ұмтылады. Бұл мақсатқа жетудің маңызды талаптарының бірі – Қытаймен ынтымақтастықты арттыру. Екі ел арасында маңызды құжаттарға қол қойылған. Солардың ішінде негізгілері Транскаспий халықаралық дәлізін белсендіру туралы меморандум екенін еске сала кетейік» – дейді сарапшы Ризат Елубаев.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы сондай-ақ республиканың Қытайға мұздатылған ет, құс өнімдері мен тірі ірі қара мал, майлы және дәнді дақылдардан басқа, салқындатылған сиыр етін және шошқа етін жеткізудегі зор әлеуетін атап өтті. Бұл елдеріміз арасындағы тауар айналымының айтарлықтай артуына ықпал етеді. Осы мақсатта Ауыл шаруашылығы министрлігі жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларына қарсы ел аумағының әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда. Сондықтан Қытай тарапына қауіпсіз аймақтардан ет экспорттауды бастау ұсынылды.
Қытай тарапы Қазақстанның ветеринариялық қызметін бағалау нәтижелері бойынша қолданыстағы шектеулерді алып тастау және Қытайға мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауды қалпына келтіру мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін жеткізді. Сонымен бірге Қазақстан-Қытай арасында фитосанитариялық талаптар туралы хаттамаға да қол қойылған. Осы хаттама аясында елден Қытайға жаңа піскен жемістерді экспорттау қолға алынып отыр.
Солтүстік аграрлық одақтың құрамына кіретін компаниялар меморандум аясында Қытайға өнім жөнелтеді. Ол «Атамекен-Агро» бастамасымен Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын стратегиялық сауда альянсына біріктіру мақсатында құрылған. Қазіргі уақытта Одақтың құрамына «Содругество» өнеркәсіптік-сауда компаниясы, «Асыл Фармс» ЖШС, HK Daksing Industrial Co., Limited кіреді. Одақ басқа өндірушілерді өз мүшелігіне қабылдауға дайын екенін де хабарлаған.
Жалпы алғанда халықаралық сауда операцияларын жүргізу және өнімді экспорттау кезінде жеңілдікті және/немесе төмендетілген тарифтерді пайдалана отырып, ең оңтайлы және тиімді логистикалық шешімдерді ұсыну мақсатында құрылған. Одақ консультациялық және ақпараттық қолдау көрсетеді, ҚХР мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алушыларды іздейді. Сонымен бірге Қазақстанның аграрлық секторында дамудың жаңа жолдарын құруды көздейді: экспорт географиясын кеңейту, Қазақстаннан жеткізілім көлемін ұлғайту, елдің экспорттаушылары кездесетін көлік-логистикалық мәселелердің балама шешімдерін табуды көздейді.
Ж.Жұманбаева
altyalash.kz