Қазақстан делегациясының Париждегі Олимпиада ойындарына сапарын ұйымдастыруға мемлекеттік бюджеттен қанша қаржы бөлінді? Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Kazinform тілшісінің ресми сауалына жауап берді.
Қазақстандық делегацияның қатысуына жұмсалған шығын – 896 687 000 теңге. Бұл қаражат мемлекеттік бюджеттен бөлінген. Бұған спорт нысандарын жалға алу, сақтандыру, қазақстандық делегацияның ұшуы, штаб мүшелерінің тұруы мен тамақтануы кіреді, – делінген ресми жауапта.
Бұл ретте делегация мүшелеріне Олимпиялық ауыл аумағында тұру қарастырылған.