Қостанай облысының бас имамы 15 тәулікке қамалды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Тамыз 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қостанай облысының бас имамы 15 тәулікке қамалды

25.07.2024
0
Қостанай облысының бас имамы 15 тәулікке қамалды
Фото: әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Қостанай облысының бас имамы Бақытбек Тәжімбет мас күйде көлік тізгіндегені үшін 15 тәулікке қамалып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды,

Бурабай аудандық соты қаулысына қарағанда, оқиға 23 шілде түнгі сағат 03:00-те болған. Жүргізуші Тәжімбет Бурабай кенті Кенесары көшесіндегі «Регион 03» клубының қасында TOYOTA HIGHLANDER автокөлігін масаң күйде басқарған. Сот отырысында Тәжімбет өз кінәсін мойындамай, алкогольдік ішімдік ішпегенін, тек қымыз ішкенін ғана көрсеткен.

Алайда сот отырысында зертелген бейнежазба бойынша, мас болу дерегін анықтау үшін медициналық куәландыру жасаған кезде дерігер қойған сұраққа Бақытбек Тәжімбет «сыра іштім» деп жауап берген.

Прокурор имамды 15 тәулікке қамаққа алу және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыруды сұраған.

Бақытбек Тәжімбет Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексің 608-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылсын, оған осы бап бойынша 15 тәулікке қамаққа алу және 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қамаққа алу уақыты 2024 жылғы 23 шілде сәуір сағат 16:53 минуттан бастап есептелсін, – делінген сот қаулысында.

Бақытбек Тәжімбет 1983 жылы 17 мамырда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген.

Түркістандағы «Хасан Оралтай» медресесін, Шымкенттегі «Қамар» атындағы медресені, Алматыдағы «Таугүл» медресесін тәмамдаған.

2005-2006 жылдары Стамбул қаласындағы «Стамбул муфтиятында» білім алған.

Қызметін 2006 жылы  Шымкенттегі «Қамар» медресесінде ұстаздықтан бастаған.

Одан кейін бірнеше облыста медресе ұстазы болған.

2008 жылы қыркүйекте Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде найб имамдығына тағайындалған.

2009-2011 жылдары Ақтөбе облысы, Шалқар аудандық мешітінде бас имам болған.

2011 жылдан 2015 жылдың қазанына дейін Ақтөбе қалалық орталық мешітінде бас имам қызметін атқарды.

2015 жылдың қарашасынан бері Қостанай облысы бойынша өкіл имам және Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің бас имамы болып тағайындалған.

Үйленген, екі баланың әкесі.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Париж Олимпиадасында жанкүйерлерді жүлдемен қуантсам деймін

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Олжас Бектенов РФ Түмен облысының губернаторымен шекара маңы және аймақаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.