«Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесінде 10-нан астам елден келетін шабандоздар 500 шақырымға жарысады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесінде 10-нан астам елден келетін шабандоздар 500 шақырымға жарысады

26.07.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999

Қазақстанда 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында 2024 жылғы 3-7 қыркүйек аралығында алғаш рет «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесі өтеді.

Ауқымды спорттық шараға 10-нан астам елден командалар қатысады деп күтілуде. Иран, Түркия, Венгрия, Қырғызстан, Оңтүстік Африка Республикасы Ресей Федерациясының және т.б. елдердің шнабандоздары дүбірлі додада бақ сынайтын болады.

Атап айтсақ, Қырғызстан құрамасы «Ұлы дала жорығына» қатысатын ең үздік аттарды іріктеу мақсатында көпкүндік ат спорты марафонын өткізді.

Қырғызстан Ат спорты федерациясының вице-президенті Манас Сұлтанов «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесіне шақыруды қабылдау үлкен мәртебе екенін айтты.

«Қазақстанда өтетін көпкүндік ат жарысына дайындық аясында 300 шақырымдық қашықтыққа «Кочмондор журушу» іріктеу марафоны өтті. Барлық командаларға сәттілік тілеймін және жеңімпаздардың көп болуын қалаймын. Ең төзімді және жылдам сәйгүліктер жеңіске жетіп, тұғырдан көрінетініне сенімдімін», – деді М.Сұлтанов.

Марафон-бәйге 5 мың жылдан астам бұрын адам баласы жылқы малын  алғаш рет қолға үйреткен Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай елді мекенінде 3 қыркүйекте бастау алады.

«Ұлы дала жорығына» Кабардин-Балқар Республикасының құрамасы да қатысуға дайындалуда. «АМД Кавказ» ат спорты клубының негізін қалаушы Ахъед Махов қазақстандық ат жарысына қатысуға шақырту алғанын айтты.

«Марафон-бәйгенің бүкіл адамзат үшін киелі мекен саналатын Ботай қонысынан басталуы ерекше маңызды. Біздің команда аңыздар мен тарихи жәдігерлерге толы Ботай жеріне баруға ерекше ынталы. Олай болса, күт бізді, Қазақстан!», – деп атап өтті А.Махов.

Ат жарысы елорда – Астанада 7 қыркүйекте аяқталады. Оның жеңімпаздары 8 қыркүйекте өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысады.

 «Ұлы дала жорығы» – жылқы баласының ең мықты тұқымы анықталатын далалық лабороториясы.

Естеріңізге сала кетейік, «JORYQ» республикалық федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Сонымен қатар, Қауымдастық құрамына бәйге, көкпар, аударыспақ, асық ату, садақ ату, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік және т.б. федерациялар кіреді. Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт қауымдастығына белгілі кәсіпкер, меценат, «Алтын Қыран» қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы» Исламбек Салжанов басшылық етеді.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілердегі қауымдастықтың аккаунттары:

https://www.instagram.com/ultsport.kz/

https://www.tiktok.com/@ultsport.kz?is_from_webapp=1&sender_device=pc

https://t.me/ultsport

https://www.facebook.com/Ultsport.kz?locale=ru_RU

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Олжас Бектенов Семейдегі апатты ЖЭО инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарын тексерді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Олжас Бектенов Семей қаласы Бас жоспарының жаңа жобасымен танысты

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.