Әзілкештің қамауға алынғанын әріптесі Әділ Айшуақов айтқан болатын. Ақпаратты Астананың мамандандырылған ауданаралық соты баспасөз қызметі растады.
Ол қоғамдық орында концертке келушілерге балағат сөз айтқан.
“Сот отырысында А.И. Меркуль құқық бұзушылық жасағанын толық мойындады. Және жасаған ісіне өкініш білдірді. 2024 жылғы 7 маусымдағы бейәдеп сөздер айтылған видео мейрамханада өткен әзіл-оспақ аясында болғанын түсіндірді”, – делінген сот қаулысында.