фото:ашықдереккөз
Бауырлас Түркияға ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау жолға қойылған. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлының мәлімдеуінше Түркия елімізбен осы бағытта ынтымақтастықты нығайтпақ. Соның бірі – Түркияның «Saraylım Tarım» компаниясы. Оның төрағасы Ылыджа Мұстафа инвестициялық жобаларды жүзеге асырмақ. Анық мақсат та бар. «Saraylim Tarım» компаниясы Қазақстанда 5 мың тонна көкөніс сақтайтын қойма салуды жоспарлап отыр. Оның құрылысына 15 миллион доллар керек. Сонымен қатар сірке суы мен көкөніс консервілерін шығару жоспарда бар.
Түрік компаниясының хабарлауынша, жоба Алматы облысында жүзеге асырылады. Компанияның қазақстандық серіктесі де анықталған. Өз кезегінде вице-министр инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар мен берілетін субсидиялар, жеңілдіктер мен преференцияларға басымдық берілетіні айтты.
«Saraylim Tarım» компаниясы – Түркиядағы жеміс-көкөніс сақтау саласының көшбасшысы. Кәсіпорын қоймаларының сыйымдылығы жылына 14 мың тонна жеміс-жидек, өңдеу қуаттылығы жылына 35 мың тонна. Сарайлим Тарым өнімдері 18 елге экспортталады. Ол еліміз үшін ең маңызды серіктестердің бірі.
Ж.Жұманбаева
altyalash.kz